ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін театрымыздың труппа жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі - Омарова Ләззат Жүнісқызы «Құрмет» орденімен марапатталды.
Және де театрымыздың реквизит бөлімінің басшысы Ермағамбетова Арай «Мәдениет саласының үздігі» атағымен марапатталды.
Сонымен қатар Мәдениет саласының үздігі, режиссер көмекшісі - Әлия Дәуітова «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, отбасыңызға амандық тілейміз!

