Рус Қаз Eng
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша лекция өткізілді

09.06.2026
Терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша лекция өткізілді

2026 жылғы 9 маусым күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында терроризмге осал нысандар қызметкерлеріне арналған оқу-танымдық лекция өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – театр қызметкерлерінің терроризмге қарсы қауіпсіздік саласындағы білімін арттыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Лекция барысында Астана қаласы Полиция департаментінің жедел уәкілі Тлеужан  Ғалым Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әдістемелік ұсынымдары негізінде терроризмге осал нысандардың басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары және ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алу мәселелері жөнінде ақпарат берді.

Оқытуға театрдың 243 қызметкері қатысып, терроризмге қарсы қорғаныс талаптары бойынша өз білімдерін жетілдірді.

Бұл шара театрдағы қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.

Жаңа қойылымдар туралы бірінші болып білгіңіз келе ме?

Қосымша сұрақтарыңыз бар ма?

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?