Рус Қаз Eng
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

06.07.2025
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Барша қазақ елін Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының атынан ұлттық өнеріміздің символына айналған айтулы мереке - Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Домбыра - халқымыздың рухани мұрасы, ұлттық болмысымыздың жарқын көрінісі. Қос ішектен төгілген күй бабалар үні мен кең даланың тынысы, қазақ рухының айнасы.

Ұлттық өнерді ұлықтап, дәстүрлі музыканың дамуына үлес қосу біздің кәсіби әрі азаматтық парызымыз.

Осынау мерейлі күні әр шаңырақта домбыра үні күмбірлеп, ұлтымыздың рухани байлығы мәңгі жасай берсін!

Құрметпен,
Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры ұжымы

Жаңа қойылымдар туралы бірінші болып білгіңіз келе ме?

Қосымша сұрақтарыңыз бар ма?

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?