«ПАРАСАТ МАЙДАНЫ». ПРЕМЬЕРА!
Афиша туралы ақпарат:
Авторы: Төлен Әбдік
Қоюшы режиссері: Гүлсина Мирғалиева
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы және киім суретшісі: Шынар Елембаева
Хореограф: Карина Джиренбаева
Жарық қоюшы: Азамат Бекбембетов
Дыбыс режиссері: Ләззат Қыстықбаева
Режиссер ассистенті: Нұрсұлтан Есен
Режиссер көмекшісі:Алия Даутова
Жанр: психологиялық драма
Ұзақтығы: 1сағат 40мин
Жас ерекшелігі: 16+
Актерлік құрам: Нұркен Өтеуіл ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Алтынай Нөгербек ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Боранбай Молдабаев ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Жанар Қасымова, Марғұлан Наменов, Еңлік Айымғазы, Саида Сагинова, Нұрсұлтан Есен, Заңғар Әбенов, Руслан Әлішев, Асхат Сұлтан, Нұрбек Сьезхан, Нұрхан Қосанов, Дастан Әлімов, Айкөркем Тұранова, Гаухар Исмайлқызы.
Аннотация:
«Парасат майданы» – адамның ішкі әлемі мен рухани құндылықтары туралы сыр шертетін психологиялық драма. Қойылым қазақ әдебиетінің классигі Төлен Әбдік шығармаларының негізінде («Оң қол» және «Парасат майданы») сахналанған.
Спектакльдің негізгі өзегі — адамның өз-өзімен күресі, қоғамдағы моральдық құндылықтардың жоғалуы және ақиқаттың тереңіне үңілу. Басты кейіпкер — жалғыздық пен ішкі қайшылықтың құрбанына айналған жан. Ол адамдар арасындағы әділетсіздікке қарсы үн қатып, қоғамның қатал жүйесіне қарсы тұруға тырысады.
Қойылым барысында көрермендер рухани құндылықтар мен материалдық әлемнің қайшылықтарын, адам болмысының күрделілігін, жақсылық пен жамандықтың ара жігін ажырату мәселелерін терең сезінеді.
«Парасат майданы» – адамның рухани биігіне жету жолындағы күресін бейнелейтін, көрерменді ойландыратын, өмірдің шынайы мәнін іздеуге жетелейтін туынды.
Басқа афиша туралы ақпарат: