Купить билет
Фестивали

«ҚАЛИБЕК ҚУАНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ» РМҚК

ФЕСТИВАЛЬДЕР

-1992 жылы қараша айында театр ұжымы Алматыда өткен сөз зергері Ғ.Мүсіреповтің 90 жылдығына арналған Қазақстан театрларының фестиваліне шақырту алып, алғаш рет лауреат атанды.

  • Театр 1996 жылы 31 мамыр күні Уфа қаласындағы түркітілдес

театрлардың «Туғанлық» ІІ халықаралық фестиваліне Ш.Құсайыновтың «Алдар Көсе» музыкалық комедиясымен қатысып, үш номинация бойынша жүлдегер атанды: «Өнерді дамытудағы ерен еңбегі үшін» режиссер Ж.Омарұлы, «Үміт» жүлдесі жас ұжымға, «Екінші кезектегі үздік ер кісі» номинациясы Шығай хан рөлі үшін актер Ш.Жүніске берілді.

  • 1999 жылы Каир қаласында өткен дүниежүзілік театрлар фестивалі;
  • 2000 жылы Германия Федеративтік Республикасының үлкен бес

қаласына гастрольдік сапарға шықты.

  • 2001 жылы Ресей Федерациясының Омбы қаласында Астана қаласы

театрының онкүндігін өткізді.

  • 2002 жылы Астана қаласының Мәскеуде өткен өнер күндерінің аясында

Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектаклімен «Моссовет» театр сахнасында өнер көрсетті.

– 2010 жылы қаңтар айында Иран Республикасы, Тегеран қаласында Мәдениет Институтының ұйымдастыруымен өткен Фаджр атындағы Халықаралық театр фестиваліне Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» (спектакльдің қоюшы режиссері – Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов) шығармасымен үздік деп танылды;

– 2010 жылы Қарағанды қаласында өткен ХVІІ Республикалық театр фестивалінде режиссер Нұрлан Жұманиязов сахналаған «Үйлену» спектаклі жүлделі II-ші орынды иеленді;

– 2010 жылдың қыркүйек айында театр Тараз қаласында өткен Республикалық ХVIII Қазақстан театрларының фестиваліне А. Дударевтің «Кеш» (қойылымның режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов) драмасымен барып Гран-при иеленді;

– 2011 жылы Шымкент қаласында 25-27 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Халықаралық театр күніне  арналған «Театр көктемі – 2011» республикалық аймақтық театрлар фестивалінде «Сен үшін» комедиясы (авторы Е. Жуасбек, қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов) «Ең үздік қойылым» номинациясын жеңіп алды;

2011 жылдың 23-26 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Ұлттық театрлардың республикалық фестивалінде Д. Рамазанның «Кенесары-Күнімжан» драмасы «Ең үздік ұлттық авторлардың драматургиясы үшін» және актер Сырым Қашқабаев – «Ең үздік ер адам бейнесі» номинацияларын жеңіп алды;

 

 

– 2011 жылы 14 желтоқсанда Театр ұжымына «академиялық театр»  мәртебесі берілді.

– 2012 жылдың 16-24 қыркүйек аралығында Орал қаласында өткен Ә. Мамбетовтің 80-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XX Республикалық фестиваліне Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясымен қатысып, «Қадыр Мырзалиев атындағы» арнайы сыйлықты және Науан бейнесін сомдаған актер, ҚР халық артисі Тілектес Мейрамов «Ең үздік ер бейнесі» номинацияларын иеленіп қайтты. Қоюшы режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Нұрлан Жұманиязов;

– 2012 жылдың 1-5 қазан аралығында Қостанай қаласында І. Омаровтың 100 жылдығына арналған Республикалық Театрлар фестиваліне Ж.М. Шевренің «Ізгілік формуласы» атты комедиямен қатысып, «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясына ҚР еңбек сіңірген қайраткері Лейло Бекназар-Ханинга мен ҚР еңбек сінірген артисі Жанат Чайкина иеленсе, «Үміт» номинациясы жас актриса Айнұр Жетпісбаеваға берілді. Спектакльдің қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков;

– 2012 жылдың 20-26 қазан аралығында Алматы қаласында Орталық Азия Мемлекеттерінің IV Халықаралық Театрлар фестиваліне әлемдік классиканың хас шебері, ұлы драматург У. Шекспирдің «Гамлет» трагедиясымен қатысты. Қоюшы режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Болат Ұзақов. Аталмыш спектакльге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Орталық Азия мемлекеттерінің IV Халықаралық Театрлар фестиваліне қатысқаны үшін АЛҒЫС ХАТ табыс етті. Ал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Нұркен Өтеуіл Гамлет рөлі үшін «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясын жеңіп алды;

– 2012 жылы 10-16 қараша аралығында Түркия Мемлекетінің Стамбул, Анкара қалаларында Думан Рамазанның «Кенесары – Күнімжан» драмасын түрік тілінде сахналап қайтты. Қоюшы режиссері –  ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов;

  • 2013 жылдың 23-29 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында Қазақстанның Халық жазушысы, драматург Т.Ахтановтың 90 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXI Республикалық фестиваліне

Ш. Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасымен қатысып «Ең үздік актерлік ансамбль» номинациясын иеленіп келді. Қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.

– 2014 жылдың 15-18 мамыр аралығында Павлодар қаласында өткен қайраткер, тұлға, жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына арналған «Алаш Ардақтысы» аймақтық театр фестиваліне Әкім Таразидің «Люстра» шығармасының желісі бойынша сахналанған «Үкілі жұлдыз» фарс трагедиясымен қатысып Гран-При жеңіп алды. Спектакльдің қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков;

– 2014 жылы Қызылорда қаласында өткен КСРО және Қазақстанның халық артисі С.Майқанованың 100 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан театрларының XXII республикалық фестиваліне Ш.Айтматовтың «Ана – Жер Ана» спектаклімен қатысып, ҚР Халық артисі Г.Әспетова «Сабира Майқанова атындағы арнайы жүлдені» иеленсе, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Т. Атымтаева «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясын жеңіп алды. Қоюшы режиссер «Халық қаһарманы»  Ә.Мәмбетов, режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайтарткері  Б. Құрманғожаев;

– 2014 жылы V Орталық Азия мемлекеттерінің Халықаралық театр фестиваліне Ж. Ануйдың «Жалын жұтқан Жанна ДꞌАрк» драмасымен қатысып Гран-При иеленді. Сондай-ақ, актриса Айнұр Бермұхамбетова «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясына ие болды. Қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ә.Оразбеков;

– 2015 жылы Өскемен қаласында өткен XXIII Республикалық театрлар фестиваліне В. Ежовтың «Бұлбұлдар түні» пьесасының негізінде сахналанған «Тыраулап ұшқан тырналар» атты лирикалық драмамен қатысып, «Үздік режиссерлік шешім» номинациясына ие болды. Қойылым режиссері – Қазақстанның Халық артисі  Т.Теменов;

  • 2015 жылы Атырау қаласында өткен драматург Рахымжан Отарбаевтың Халықаралық театр фестивалінде «Көлеңкесіз жолаушы» драмасымен қатысып, режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Н. Жұманиязов «Үздік режиссер» номинациясын, актриса Айнұр Бермұхамбетова «Үздік актриса» номинациясына ие болды;
  • 2015 жылы 29 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Мәскеуде қаласында XIII Халықаралық «Золотой Витязь» театр форумында «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасымен қатысып, Гран-При иегері атанды. Сондай-ақ, қойылым барысында өз өнерлерін ортаға салған Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов – полковник Лукьянов, актер Әбілмансұр Серіков – Пернебек Боранбаев, актриса Ақмарал Танабаева – Инга рөлдері үшін «Золотой Витязьдің» алтын дипломанттары атанды.
  • 2016 жылдың 12-16 қыркүйегі аралығында Ақтөбе қаласында өткен

Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  спорт министрлігі ұйымдастырған ҚР  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  арналған  Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық  фестивалінен  «ШИЕ» комедиясы  «Үздік спектакль» номинациясы иегері атанды.

–         РФ Челябі қаласында өткен «CHELoBEK ТЕАТРА»  V Халықаралық

Кіші форм театр фестиваліне А. Чеховтың «Шие» комедиясымен қатысып, театр сыншыларының жағары бағасын алды. (Ақпан – 2017)

– Татарстан Республикасының Қазан қаласында өтетін Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестиваліне  А.Чеховтің «ШИЕ» комедиясымен қатысып, халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. (Наурыз – 2017)

– «Сахнадан сәлем!» V Халықаралық театр фестивалі аясында М.Әуезов пен Қ.Ысқақтың «Қараш-Қараш» әлеуметтік драмасы  халықаралық театр сыншыларының назарына ұсынылды. Режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ә.Оразбеков (маусым – 2017)

– А.Әшімовтің 80 жылдығына арналған І Дүниежүзілік  «Астана» театр фестиваліне М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» драмасымен қатысып, шетелдік мамандардан құралған сарапшылар алқасының жоғары бағасын алды. Режиссері – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ә.Оразбеков. (Маусым- 2017)

– Қазақстан ұлттық театрларының IV Республикалық фестиваліне шетелден келген қонақтар: Британдық театр режиссері – Давид Папава, профессор, филологиялық ғылымдардың докторы, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық комитеттің төрағасы – Рахима Абдувалиева мен тәуелсіз сыншы әрі психолог – Сара Коплей арнайы сұраныс бойынша Т.Теменовтің «Аққудың көз жасы» лирикалық драмасын тамашалап, жоғары бағасын берді. Спектакль Лондон сахнасына шақырту алды. Режиссері: Қазақстанның Халық артисі, профессор Т.Теменов. (Шілде– 2017)

– Көрнекті театр сыншысы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әшірбек Сығайдың 70 жылдығына арналған XXV Республикалық театр фестивалінде «Аққудың көз жасы…» қойылымымен қатысып, “ЕҢ ҮЗДІК РЕЖИССЕРЛІК ЖҰМЫС” номинациясына ие болды. Қоюшы режиссері – Қазақстанның Халық артисі Талғат Теменов (Қыркүйек-2017 жыл)

–          С.Қожамқұлов атындағы Жазқазған қазақ музыкалық драма театрының

45   жылдық мерейтойы аясында алғаш рет өткен Жанат Хаджиев

атындағы І аймақтық театрлар фестиваліне «Күн сәулесі түспеген» психологиялық драмасымен қатысып, “ЕҢ  ҮЗДІК РЕЖИССЕРЛІК ЖҰМЫС” аталымын жеңіп алды. Режиссері: Нұрлан Жұманиязов. Спектакльде  Марио рөлін сомдағаны үшін актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуілов – “Жанат Хаджиев атындағы арнайы номинация” иесі атанды. (қараша, Астана – 2017 жыл)

  • Астананың 20 жыллығына арналған «SAMGAU» VI Халықаралық театр

фестивалінде «Қымбатты Памела» комедиясы \Авт:Дж.Патрик; Реж: Ю.Ханинга-Бекзанар\ Халықаралық сарапшылар назарына ұсынылды. Спектакльде Памела рөлін сомдаған Қазақстанның Халық артисі Гүлжан Әспетова «Үздік актриса» номинациясына ие болды.

(Маусым, Астана – 2018 жыл)

  • Қазақстан Республикасының елордасы Астананың 20 жылдық мерекесі

аясында өткізілген ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестиваліне қатысып, сахна өнерінің өрлеуіне зор үлесін қосқаны үшін арнайы «Дипломмен» марапатталды. Аталмыш фестиваль аясында «Отелло»

 \Авт: У.Шекспир; Реж: Т.Теменов\ спектаклі көрсетілді.

  • «Қорғансыздың күні» спектаклімен Темірбек Жүргеновтің 120

жылдығына арналған Орталық Азия елдерінің VII Халықаралық театр фестиваліне қатысып, «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. Спектакльде басты рөлдерді сомдаған жас артистер Жанат Оспанов пен Олжас Жақыпбек «Дебют» атлымымен марапатталды.

(Қараша, Талдықорған – 2018)

  • «Айтматов және театр» Халықаралық фестивалінде Ш.Айтматовтың

«Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасымен қатысып, спектакльдегі Ілияс рөлі үшін актер Әбілмансұр Серіков «Үздік актер» номинациясын алды. Режиссері – Қазақстанның Халық артисі Талғат Теменов. (Қараша, Бішкек – 2018)

  • Театр репертуарындағы У.Шекспирдің «Отелло» спектаклі Мәскеу

қаласында өткен XVI Халықаралық «Золотой Витязь» театр фестивалінің
«ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ 2018» ГРАН-ПРИ жүлдесін жеңіп алды.Режиссері – Қазақстанның Халық артисі Т.Теменов.
\Мәскеу қаласы – 2018 жыл\

  • 2019 жылдың 6 наурызында  РФ  Челябі  қаласында  өткен

«CHELOVEK  ТЕАТРА»VII  Халықаралық кіші форм театр фестиваліне Р.Мұқанованың «Сарра» драмасымен қатысты.  Режиссері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Г.Мерғалиева.

  • Маусым айының 10-16 күндері аралығында елордада өткен «Samgau»

VII Халықаралық театр фестивалі аясында халықаралық театр сарапшылары мен көрермендер назарына 11 маусым күні «Ләйлі-Мәжнүн» \Авт: Г.Низами Реж: Б.Абдураззаков\ спектаклі ұсынылды. Театр ұжымы фестивальдің арнайы дипломымен марапатталды.

  • Қазақстанның Халық артисі, профессор Талғат Теменовтың

режиссерлігімен сахналанған «Отелло» спектаклі РФ Орынбор қаласында өтетін «Гостиный двор» XI Халықаралық театр фестиваліне арнайы шақырту алып, 20 маусым күні фестиваль аясында ұсынылды.

  • Театр ұжымы қыркүйек айының 20-25 күндері аралығында

Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті театр және кино актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVII Республикалық фестиваліне қатысты. Елордалық театр 23 қыркүйек күні Семей қаласының тұрғындары мен фестиваль сарапшылары назарына Орта Азия елдері арасындағы танымал режиссер Барзу Абдураззаков сахналаған Низамидің «Ләйлі-Мәжнүн» спектаклін ұсынды. Спектакльдегі Ләйлінің анасы және Кемпір рөлдері үшін актриса Ботагөз Мақсұтова «II пландағы үздік актриса» номинациясымен марапатталды.

  • 29 қазан РФ Челябинскіде өткен В.И.Милосердов атындағы жеке

актерлік жұмысқа арналған  фестиваль конкурста театр актрисасы Бақыт Жұмағұлова Ш.Айтматовтың «Ана мен Ала» спектаклі үшін «Үздік спектакль» және «Үздік әйел бейнесі» номинациялары бойынша марапатталды.

  • Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық

драма театры 18-22 қараша күндері аралығында Атырау қаласында өткен Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ Республикалық театр фестивалінде «ӘМІРЕ» драмасы үшін І орынға ие болды. Актер Дастан Әлімов «Әміре» спектакліндегі эпизодтық рөлі үшін «ІI пландағы үздік актер» номинациясына ие болды. Спектакльдің режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов.

  • Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ

музыкалық-драма  театрының симфониялық оркестрі 2021 жылы сәуір айында Стокгольмде өткен «Aurora» фестиваль-конкурсында екі номинация бойынша – ГРАН-ПРИ және I ОРЫНҒА ие болды. Бас дирижер – Халықаралық конкурстардың лауреаты, «Мәдениет саласының үздігі» Ерлан Бейсембаев. (сәуір айы – 2021 ж)

  • Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық

драма театрының Халық аспаптар ансамблі Еуропалық фольклорлық фестивальдер қауымдастығының қолдауымен өткен “AsiaFolk 2021” онлайн фестивалінде (Гран-при) БАС ЖҮЛДЕГЕ (толық ансамбль) және І дәрежелі Диплом марапатына (домбырашылар ансамблі) ие болды.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері – Халықаралық конкурстардың лауреаты Маралжан Мырзақұлова. (маусым айы – 2021 ж)

  • Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық

драма театрының Халық аспаптар ансамблі Франция елі ұйымдастырған «NOUVELLES ETOILES» атты халықаралық онлайн-байқауына қатысып, «Классика және джаз» номинациясында жүлделі 1 орынға ие болды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері – Халықаралық конкурстардың лауреаты Маралжан Мырзақұлова. (мамыр, маусым – 2021 ж)

–        Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымы Қазан қаласында өткен түркі халықтарының XV «Наурыз» халықаралық театр фестивалінде көрсетіліп,  (online) халықаралық театр сарапшыларының жоғары бағасын алды. Авторы – Н.Гәнжәуи. Режиссері – Барзу Абдураззаков. (маусым – 2021 ж)

–        Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының  «Бопай ханым» тарихи трагедиясы (авт.Р.Мұқанова, реж.Ж.Жұманбай) «Елорда – өнер өлкесі» атты Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан театрларының шығармашылық кездесуі аясында ұсынылып, театр сарапшыларының жоғары бағасына ие болды. (маусым айы – 2021 ж)

  • Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ

Музыкалық драма театрының «Құнанбай» драмасы (Авт.Т.Әсемқұлов, Реж.Б.Ұзақов) «Жұбайлар жұмбағы» музыкалық комедиясы (Авт.И.Штарус, Реж.Н.Жұманиязов) «ТЕАТР ALL NurSultan theatre week» театр фестивалінде көрсетілді. «Жұбайлар жұмбағы» музыкалық комедиясындағы Розалинда рөлі үшін актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айнұр Бермұхамбетова «Үздік актриса» номинациясымен марапатталды. Жас актриса Инабат Әбенова «Жаңа есім» аталымына ие болды.  (28 қазан – 1 қараша – 2021 ж)

  • 2022 ж наурыз айының 13-20 күндері аралығында «27 наурыз –

Халықаралық театр күніне» орай «Қаллеки тынысы» атты премьералар апталығы ұйымдастырылып, театр сарапшылары мен көрермендер назарына 2021-2022 жылдары сахналанған жаңа қойылымдар ұсынылды. Апталық қорытындысы бойынша: «Үздік Актер» – Ержан Нұрымбет («Дон Кихот» спектакліндегі Дон Кихот бейнесі үшін);  «Үздік Актриса» – Айнұр Бермұхамбетова («Дон Кихот» спектакліндегі Сүт ана бейнесі үшін); Әзірбайжан Мәмбетов атындағы «Үздік режиссура» номинациясы – Әлібек Өмірбекұлы  («Дон Кихот» спектаклі үшін); Әшірбек Сығай атындағы «Сахна саңлағы» номинациясы – Лейло Бекназар – Ханинга («Бопай ханым» спектакліндегі Бопай ханым бейнесі үшін); Мұрат Насипов атындағы «Эпизодтағы ер адам бейнесі үшін» номинациясы Дастан Әлімов («Жұбайлар жұмбағы» спектакліндегі зындан күзетшісі бейнесі үшін); Шолпан Мұқышева атындағы «Эпизодтағы әйел адам бейнесі үшін» Инабат Әбенова («Алтайдан ауған ел» спектакліндегі Зейнеп бейнесі үшін); Шолпан Елгезекова атындағы «Шығармашылық ізденісі үшін» номинациясы – Бәзіл Сұлтанғазы («Ұйқым келмейді» спектаклі үшін); Жақып Омаров атындағы  «Спектакльге музыка жазған жыл композиторы» номинациясы – Олжас Жақыпбек («Алтайдан ауған ел» спектаклінің музыкалық көркемділігі үшін); «Үздік грим»  номинациясы – Ләйлә Сқақова («Дон Кихот» спектакліндегі жоғары кәсіби жұмысы үшін); «Үздік жарық қою бойынша суретші» номианциясы – Азамат Бекбембетов («Алтайдан ауған ел» спектакліндегі жұмысы үшін);  Қадыр Жетпісбаев атындағы «Сахна саңлағы» номинациясы – Күлия Қожахметова («Күзгі іңір» спектакліндегі  Ида бейнесі үшін); Шәміл Жүніс атындағы «Үздік екінші пландағы артист» номинациясы Нүркен Өтеуіл (Дон Кихот спектакліндегі Санчо бейнесі үшін); «Үздік инсценировка» номинациясы –  Мирас Әбіл («Алтайдан ауған ел» спектаклі үшін) марапатталды.

О.Бөкей «Ұйқым келмейді» драмасының режиссері Бәзіл Сұлтанғазы V Халықаралық «Balausa» экспериментальды театрлар фестивалінде «Қадыр Рахымбайұлы Жетпісбай атындағы арнайы жүлдеге» ие болды. (Ақтөбе қаласы, сәуір 2022 ж).

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» қойылымы Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық фестивалінде «Үздік спектакль» номинациясына ие болды. Режиссері – Фархат Молдағали. (Астана қаласы, 18-23 қазан 2022 ж).

Театр репертуарындағы әйгілі режиссер, Халық Қаһарманы Ә.Мәмбетов сахналаған «Ғасырдан да ұзақ күн» /2003 ж/ драмасы Ә.Мәмбетовтың 90 жылдығына арналған  «TEATRALL» ІІ халықаралық театр фестивалі аясында арнайы көрсетіліп, фестиваль шымылдығын түрді. Бұл қойылым режиссер Ә.Мәмбетовтың елімізде осы күнге дейін сахналанып, сақталып келе жатқан жалғыз қойылымы болып табылады. (Астана қаласы, 22 қазан 2022 жыл).

 

Актер, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Жасұлан Ерболат «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» музыкалық драмасындағы Қарабай рөлі үшін  «TEATRALL» ІІ халықаралық театр фестивалінде «Үздік ер адам бейнесі» номинациясына, Баян рөлі үшін жас актриса Ақниет Орынтай «Үздік әйел адам бейнесі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.  (Астана қаласы,  қазан айы 2022 ж).

Орталық Азия елдерінің VIІI Халықаралық театр фестивалінде М.Сервантес «Дон Кихот» трагикомедиясы үшін режиссер Әлібек Өмірбекұлы «Үздік сценографиялық шешім»  номинациясынаактер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл қойылымдағы Санчо рөлі үшін «Үздік ер адам бейнесі» номинациясына ие болды. (Алматы қаласы, 1-7 қараша 2022 жыл).

«Қазақстан театрлары – 2022» мониторинг нәтижесінің қорытындысы мен «Театр сыншылары бірлестігі» шешімімен Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының «Дон Кихот» трагикомедиясы «Сыншылар жүлдесі» сыйлығының «Жыл спектаклі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Авторы: Мигель де Сервантес Сааведра. Режиссері: Әлібек Өмірбекұлы.