Купить билет
Айнұр Болатқызы Бермұхамбетова

Айнұр Болатқызы Бермұхамбетова – танымал театр және кино артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Театр өнері және өнертану» факультетінің доценті.

1974 жылы 2 наурызда Қостанай облысы, Амангелді ауданында дүниеге келді. Арқалық  қаласының Музыка училищесінің хор дирижері  мамандағы  бойынша білім алды. 1994 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының  музыкалық драма актері  бөлімінде білім алды.

1998  жылы Нұр-Сұлтан қаласының Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына жұмысқа шақырылды.

Театр сахнасындағы рөлдері:

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Жібек

Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Мәрзия

Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» – Мақпал

М.Әуезов «Қара қыпшақ Қобыланды» – Қарлығаш

М.Әуезов «Қарагөз» – Ақбала

М.Әуезов «Абай» – Әйгерім

М.Әуезов «Айман – Шолпан» – Теңге

Б.Ұзақов «Үміт» – Шолпан

Э.Флоримон «Түлкі Бикеш» – Дениза

М.Файзи «Башмағым» – Сәруар

Мольер «Скапеннің айласы» – Зербинетта

Қ.Байсейітов, Қ.Шаңғытбаев «Беу қыздар-ай» – Айсұлу

М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» – Зауре, Бану

В.Дельмар «Баянсыз бақ» – Рода

Ш.Айтматов «Ана–Жер Ана» – Әлиман

Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Зарипа

Ә.Нүрпейісов «Қан мен тер» – Ақбала

Р.Баяджиев «Аршын мал алан» – Гүльчахра

Э.Хушвақтов «Қызыл алма» – Саида-Бану,

А.Цагарели «Гамарджоба» – Ханума

И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Розалинда

М.Фриш «Дон-Жуанның думаны» – Донна Эльвира

Е.Жуасбек «Антивирус» – Гульчетай

Ж.М.Шевре «Ізгілік формуласы» – Жанн

Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна д’Арк» – Жанна

Ж.Расин «Федра» – Федра

Р.Мұқанова «Сарра» – Бибіажар, Сарра

Шекспир, Пресгурвик  «Ромео мен Джульетта» – Сүт Ана

О.Жанайдаров «Жұт» – Лена

Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Баян

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Ханымша, Көш

М.Сервантес «Дон Кихот» – Сүт ана, Дон Кихот.

 

Жетістіктері:

1998  жылы Республикалық О.Бөкей атындағы көркем сөз шеберлігі  байқауының 3 орын иегері атанды.

1999 жылы Республикалық «Шабыт» фестивалінің «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша дипломанты.

2001 жылы осы номинация бойынша 2-ші орынды иеленді.

2004 жылдан  бастап  Қазақ  Ұлттық Өнер Университетінің  «Актер өнері және режиссура» кафедрасында ұстаз болып жұмыс істейді.

2014 жылы V Орталық Азия мемлекеттерінің Халықаралық театр фестиваліне Ж.Ануйдың «Жалын жұтқан Жанна ДꞌАрк» драмасымен қатысып  Гран-Приді иеленді. Сондай-ақ, актриса А. Бермұхамбетова Жанна рөлі үшін «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясына ие болды. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ә.Оразбеков;

2015 жылы театр көрермендері арасында театр әкімшілігі ұйымдастырған «Өз актеріңді таны» акциясының нәтижесінде жылдың «Үздік актрисасы» атағына ие болды.

2015 жылы Атырау қаласында өткен Р.Отарбаевтың Халықаралық Театр фестивалінде «Көлеңкесіз жолаушы» спектакліндегі Кәмилә рөлі үшін «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясын иеленді.

2016 жылы «Еңлікгүл – 2016» кәсіби сыйлығының «Үздік актриса» сыйлығының иегері.

2016  жылы  «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»  құрметті атағы берілді.

2018 жылы «Сахнагер» Ұлттық Театр жүлдесінің «Үздік актриса» марапатына ие болды.

2018 жылы Т.Ахтановтың 95 жылдығына арналған Халықаралық эксперименталды спектакльдер фестивалінде Ж.Расиннің «Федра» спектаклімен қатысып, Федра рөлі «Ең үздік әйел адам бейнесі» номинациясымен марапатталды.

2020 жылы наурыз айында көрермендер назарына театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дубляж шебері Айнұр Бермұхамбетованың «Ай-Нұр әлемі» атты концерт-спектаклі ұсынылды.

2022 жылы «Қаллеки тынысы» премьералар апталығы аясында «Дон Кихот» спектакліндегі Сүт ана бейнесі үшін «Үздік Актриса» номинациясымен марапатталды.

Доцент (академиялық) шәкірттері – Халықаралық байқаулардың лауреаттары, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының иегерлері.

Кино саласындағы рөлдері: «Асыл арман» т/х – Гүлжан  (реж: Н.Әлмұрат), «Ничего личного» – Айсауле (реж: С.Булов), «Үзілмес үміт» –  Гүлназ   (реж: Е.Нурмухамбетов),«Бессоница» – Балжан      (реж: С.Петрейчук),«Я здесь» к/ф   – Ляззат            (реж: С.Петрейчук) «Ән Аға»  к/ф  – Сағыныш      (реж: Ж.Пошанов), «Шабдалы» к/ф – Гүлжан  (реж:Ж.Құсайынов); «Қызыл анар» фильм – басты рөл, режиссері – Ш.Оразбаева.

Дубляж саласында да жасап жатқан еңбегі зор. «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Disney» компаниясы фильмдерінің дубляж режиссері және музыкалық редактор қызметін атқарады:«Мұзды өлке»,«Күлше қыз», «Коконың құпиясы»,«Джунгли кітабы»,«Сүйкімді София», «Өрмекші адам», «Айнаның ар жағындағы Алиса».

Әнші – актриса ретінде «Astana Musical» мемлекеттік театрында «Экспо жаңғырығы» бағдарламасы мен қазақ өнерінің мәдениетін дәріптеу мақсатында Е.Брусиловский, Мүсіреповтің «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклімен Франция, Бельгия, Аустрия, Ресей мемлекеттерінде  өнер көрсетті.

2018 жылы Францияның Авиньон қаласындағы Бүкіләлемдік театр

фестиваліне қатысты.

 

Айнұр Болатқызы – қазақ тілін дамыту мақсатында Қазақ Ұлттық Телерадио компаниясына, «ҚазСпорт» арнасы, «Шалқар», «Қазақ радиосы», «Астана» радиоларында  тіл техникасы бойынша шеберлік сағаттарын жүргізеді.