Купить билет
Айтмұқаш Ерсін

1996 жылы 22 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келді.

2013-2017 жылдары Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде «Драма театры және кино әртісі» мамандығы бойынша, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ақыш Омар және Жанқалдыбек Төленбаевтың шеберханасында білім алды.

2017 жылдан бастап Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері.

Театр сахнасындағы рөлдері:

Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Ілияс. Режиссері – Т.Теменов

К.Кизи «7+1» – Санитар.   Режиссері – Ә.Оразбеков

Р.Куни «Туған күн» – Виктор Джонсон. Режиссері – Б.Ұзақов

Н.Гәнжәуи «Ләйлі – Мәжнүн» – Достар және періштелер, Режиссері – Б.Абдураззаков

Ф.Болонья «Байланыс аясы» – Диего. Режиссері – Ә.Оразбеков

М.Әуезов «Абай» – Айдар. Режиссері – Ә.Оразбеков

Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Жақып. Режиссері – Б.Ұзақов

Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Жас Барақ. Режиссері – Ж.Жұманбай

О.Бөкей «Ұйқым келмейді» – Жеңісхан. Режиссері – Б.Сұлтанғазы

М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Арыстан тобындағы жігіт.

Режиссері: О.Жақыпбек, Ш.Мұстафина

А.Менчелл «Күзгі іңір» – Эд. Режиссері – Ұ.Қарыпбаев

2022 жылы актер Ерсін Айтмұқаш басты рөлді сомдайтын «Ұйқым келмейді» /Авт: О.Бөкей  Реж: Б.Сұлтанғазы/ спектаклі V Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестиваліне шақырту алып, театр сарапшыларының назарына ұсынылды. Спектакль үшін жас  режиссер Б.Сұлтанғазы «Қадыр Рахымбайұлы Жетпісбай» атындағы арнайы жүлдемен марапатталды.

Кинодағы рөлдері:

Сериал «Қазақ Аруы» реж: Е.Нұрғалиев – Дамир;

Сериал «Жараланған жүректер»реж: А.Сандыбаев – Қайрат;

Сериал «Әділет алаңы»реж: С.Смағұлов – Мұрат;

Сериал «Астанаға 20 қадам» реж: Қ.Мұстафин – Арман;

Сериал «Әкесінің баласы» М.Есіркепов – Ізбасар реж:

Дубляж саласында: “Көліктер 3″, ” Суперотбасы”, “Мұзды Өлке 2”