Купить билет
Байыров Самат Рашитұлы

1978 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Тегістік ауылында дүниеге келген.

1985-1995 жылдары ауылдық мектепте білім алды.

1995-1997 жылдары ауылдық Мәдениет  үйінде қызмет жасады.

1997-2001 жылдары Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының С.Мақұлбеков шеберханасында Қуыршақ бөлімін бітірді.

2001 жылдан бастап елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық  драма театрында актер қызметін атқарып келеді.

2019 жылы еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына қосып келе жатқан зор еңбегі үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

2020 жылы өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеуге, халық шығармашылығын жетілдіруге, ұлттық мәдениетімізді дамытуға қосқан сүбелі үлесі және салалық кәсіподақ қозғалысындағы белсенді қызметі үшін

“Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігі атынан «Еңбек даңқы» медалімен марапатталды.

2022 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

 

Театр сахнасындағы рөлдері:

С.Аксаков «Алқызыл гүл» – Кикимора

С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Нүктебек

М.Ақынжанов «Алтын сақа» – Сарман

Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Тюранчик

Б.Ұзақов «Жандауа» – Спортшы

Б.Ұзақов «Үміт» – Замир

М.Әуезов «Еңлік – Кебек» – Кембай

М.Әуезов «Қарагөз» – Дәулеткелді

М.Әуезов «Абай» – Мағауия

М.Әуезов «Айман – Шолпан» – Әлібек тобындағы жігіттердің бірі,

Е.Аманшаев «Үзілген бесік жыры» – Жаһан

Ә.Нүрпейісов «Қан мен тер» – Жалмұрат

Ш.Айтматов «Ана-Жер-Ана» – Бекташ

Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Мәңгүрт, Жуан-Жуан

Ш.Айтматов «Ақ кеме» – Коммерсант

М.Ғаппаров, Ғ.Ғаппарова «Қуыршақ немесе қызғаншақ қыздардың кеші» – Робот

М.Ахманов «Алдардың айласы» – Шығайбай

С.Тұрғынбекұлы «Мұқағали» – Милиционер

И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Күзетші

Д.Рамазан «Кенесары – Күнімжан» – Наурызбай

Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Жалбы

М.Фриш «Дон Жуанның думаны» – Дон Балтазар Лопес

У.Шекспир «Гамлет» – Гильденстерн

Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Сәдір

Е.Жуасбек «Терең тамырлар» – Ала ағаш

Қ.Жүнісов «Сәкен-Сұңқар» – Әлкей

Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна Д’Арк» – Фискал

Ш.Мұртаза «Бір кем дүние» – Сұр Берен

М.Әуезов, Қ.Ысқақ «Қараш-Қараш» – Қайранбай

Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы» – Оспан

Р.Отарбаев «Әміре» – Театр бақылаушысы

Ұ.Есдәулет «Зере» – Байсал

У.Шекспир «Отелло» – Дворян

К.Кизи «7+1» – Сканлон

Р.Куни «Туған күн» – Билл

И.Кальман «Кабаре жұлдызы» – Кисс

Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Молла Ахмет Риза

Э.Шмитт «Хат» – Доктор Дюссельдорф