1998 жылы 24 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Жалпақтал ауылында дүниеге келді.
2004-2005 жылдары К.Мендалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде, 2005-2010 жылдары Орал қаласындағы №30 орта мектепте, 2011-2015 ж.ж. Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінде оқыды.
2015-2019 жылдары Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетінің Д.Тұранқұлова және Оразхан Кенебаев шеберханасында «Актер» мамандығын оқыды.
Студенттік шақта ойнаған рөлдері:
– И.Сапарбай «Ауылдан келген ару» – Жәнібек;
– Т.Ахтанов «Ант» – Әбілқайыр хан;
– М.Кәрім «Ай тұтылған түн» – Ақжігіт;
– М.Кәрім «Ай тұтылған түн» – Дәруіш;
– О.Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» – Оралхан;
– У.Шекспир «Лир патша» – Эдмунд;
– У.Шекспир «Макбет» – Малькольм;
– М.Кәрім «Күнәһар» – Диуана;
– И.Ғайып «Мен ішпеген у бар ма» – Көкбай;
– М.Шаханов «Танакөз» – Мұрат;
2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ муызкалық-драма театрының актері;
2022 жылы Әнуар Бектас басты рөлді сомдайтын «Ұйқым келмейді» /Авт: О.Бөкей Реж: Б.Сұлтанғазы/ спектаклі V Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестиваліне шақырту алып, театр сарапшыларының назарына ұсынылды. Фестиваль нәтижесі бойынша «Ұйқым келмейді» драмасы үшін жас режиссер Б.Сұлтанғазы «Қадыр Рахымбайұлы Жетпісбай» атындағы арнайы жүлдемен марапатталды.
Театр сахнасындағы рөлдері:
- Т.Теменов «Ақ жауын» /А.Вампиловтың «Тұңғыш ұл» пьесасына фантазия/ – Уәлихан; Режиссері – Қазақстанның Халық артисі Т.Теменов;
- «Ер Төстік» /халық ертегісі/ – Ер Төстік;
Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов;
- М.Әуезов «Абай» /трагедия/ – Әбдірахман; Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.
- Т.Әсемқұлов «Құнанбай» /драма/ – Адъютант;
Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов;
- Р.Мұқанова «Бопай ханым» /тарихи трагедия/ – Шыңғыс;
Режиссері: Жұлдызбек Жұманбай.
- Qalleki театр лабораториясы – О.Бөкей «Ұйқым келмейді» – Жеңісхан;
Режиссері: Бәзіл Сұлтанғазы
- И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» /музыкалық комедия/ – Альфред;
- Режиссері: – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов.
- М.Әуезов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ – Жарас;
Режиссері: О.Жақыпбек, Ш.Мұстафина
- Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Жас Халифа Алтай;
Режиссері: Ф.Молдағали
- Ғ.Мүсірепов «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» – Жантық;
Режиссері: Г.Балпейісова