Купить билет
Егубаева Динара Қанатовна

Егубаева Динара Қанатқызы – 1998 жылы 9 тамыз күні Қарағанды қаласында дүниеге келген.

2007 жылы  № 22 мектеп табалдырығын аттап, 2016 жылы  №77 мектепті бітірді.

2017-2021 жылдары Қазақ Ұлттық өнер университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақыш Омар шеберханасында «Драма театр әртісі» мамандығы бойынша білім алды.

2020 жылдан бастап Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы.

Театр сахнасындағы рөлдері: В. Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Инга, М.Әуезов «Абай» – Ажар,  О.Бөкей «Ұйқым келмейді» – Бақыт, Э.Хушвақтов  «Қызыл алма» – Рушана, Ф.Болонья «Байланыс аясы» – Софи, Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Меңес, М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Айман, Шолпан тобындағы қыздардың бірі, О.Жанайдаров «Жұт» – Даяшы, Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Рақима, Көш,

А.Менчелл «Күзі іңір» («Сен маған керексің») – Жас Ида, Э.Шмитт «Хат» – Пегги Блю,  Қ.Жетпісбаев «Бала Мерген» – Аққанат, Е.Жуасбек «Үйлену» – Зерек, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Жібек.

2022 жылы актриса Динара Егубаева басты рөлдердің бірін сомдайтын «Ұйқым келмейді» /Авт: О.Бөкей  Реж: Б.Сұлтанғазы/ спектаклі V Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестиваліне шақырту алып, театр сарапшыларының назарына ұсынылды. Фестиваль нәтижесі бойынша жас  режиссер Б.Сұлтанғазы «Қадыр Рахымбайұлы Жетпісбай» атындағы арнайы жүлдемен марапатталды.

2023 жылы Халықаралық Театр күні және Наурыз мерекесіне арналған іс-шарада  «Қадыр Рахымбайұлы Жетпісбай» атындағы арнайы жүлдемен марапатталды.