Купить билет
Есен Нұрсұлтан Төреханұлы

Есен Нұрсұлтан Төреханұлы 1991 жылы 10 сәуір күні  Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

2009 – 2013 жылдары  Қазақ ұлттық өнер университетінің «драма және кино әртісі» мамандығын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақыш Омар шеберханасынан тәмамдады.

2011 жылдың 11 қыркүйегінен бастап Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актер қызметін атқарып келеді.

Театр сахнасындағы рөлдері:

У.Шекспир «Гамлет» – Гильденстерн

Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Қыздар – ай» – Сұлтан

Қ.Жиенбай «Таңғажайып планета» – Қаршыға

Е.Жуасбек «Үйлену» –  Бөлек

Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Әмірсана

М.К.Машаду «Бразилия байлығы» – Симон

М.Ахманов «Алдардың айласы» – Жылқы

Қ.Жүнісов «Сәкен-Сұңқар» – Шәкірт

Э.Хушвақтов «Қызыл алма» – МММ

Р.Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – Бозөкпе

М.Әуезов, Қ.Ысқақ «Қараш-Қараш» – Жүніс

В.Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Фирсов

Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна д’Арк» – Бауыры, Буддус

Ж.Ерғалиев «Есігімді қаққан кім?» – Нұрбек

Р.Отарбаев «Әміре» – Тергеуші

О.Жанайдаров «Жұт» – Ахмет

Е.Шварц «Күлшеқыз» – Ханзада

Халық ертегісі «Ер төстік» – Шолқұйрық

С.Мұқанов, Ш.Уалиханов «Шоқан» – Жора

Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Жантай

М.Әуезов «Қорғансыздың күні» – Жарық

У.Шекспир «Отелло» – Рориго

К.Кизи «7+1» – Санитар

Р.Куни «Туған күн» – Билл

Н.Гәнжәуи «Ләйлі-Мәжнүн» – Достар және періштелер

Ф.Болонья «Байланыс аясы» – Рокко

М.Әуезов «Абай» – Мағауия

Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Офицер

М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Әлібек тобындағы жігіт

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Кәбибай, Көш

Ғ.Мүсірепов «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» – Жолбарыс

 

«Хабар» арнасы ұйымдастырған «Жігіт сұлтаны» байқауының қатысушысы.

 

2019 жылы ұлттық мәдениетімізді дамытуға қосқан сүбелі үлесі және кәсіподақ ұйымындағы белсенді қызметі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрі мен Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрайымы атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

Әлемдік кинотуындылардың кейіпкерлерін қазақ тіліне дыбыстау

арқылы дубляж саласының дамуына өз үлесін қосып келеді.