Жақыпбек Олжас Дәлелханұлы 1991 жылдың 16 ақпанында Семей қаласы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келді.
1997-2008 жылдары Алматы қаласындағы №119 мектепті тәмамдады.
2008-2012 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында актер мамандығын оқыды.
2012 жылдан бастап елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері;
2017 жылы І Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі аясында Халықаралық театр сыншылары назарына ұсынылған «Қорғансыздың күні» драмасында басты кейіпкер Түнек бейнесін сомдады.
2017-2018 жылдары 27 наурыз – Халықаралық театр күні мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.
2018 жылы Ресей Федерациясының Театр қайраткерлері одағының XII Халықаралық жазғы мектебіне іріктеу арқылы қабылданып, тәжірибеден өтті. Халықаралық жобада өзге елдік әріптестерімен шығармашылық байланыста болып, белгілі бір уақыттың ішінде көрермендерге жаңа премьера ұсынды. \Евгений Кулагин, Иван Естегнеев «1518» \диалог данс\.
2018 жылы Орталық Азия елдерінің VI Халықаралық театр фестивалінде «Қорғансыздың күні» драмасындағы Түнек рөлі үшін «Дебют» номинациясымен марапатталды.
2018 жылы Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты атанды.
2019 жылы «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығының «Үміт» номинациясымен марапатталды.
Актер Олжас Жақыпбек Мәжнүн бейнесін сомдаған «Ләйлі-Мәжнүн» спектаклі /Авт:Н.Гәнжәуи Реж: Б.Абдураззаков/ 2019 жылы Семей қаласында өткен Қазақстан драма театрларының XXVII Республикалық фестивалі және «Samgau» VII Халықаралық театр фестивалі аясында көрсетіліп, фестивальдің арнайы дипломымен марапатталды. 2021 жылы Қазан қаласында өткен түркі халықтарының XV «Наурыз» халықаралық театр фестивалінде (online) көрсетіліп, халықаралық театр сарапшыларының жоғары бағасын алды. Спектакль Халықаралық театр сыншылары бірлестігі бекіткен «Сыншылар жүлдесімен» марапатталды.
«2019 жыл – Жастар жылы» аясында Нұр-Сұлтан қаласы «Nomad City Hall» сахансында Олжас және достары өнерсүйер қауым назарына «Жастығым барда…» концерт-спектаклін ұсынды. 25 мамыр күні «El arna» арнасында концерт-спектакльдің телевизиялық нұсқасы көрсетілді.
2022 жылы «Қаллеки тынысы» премьералар апталығы аясында «Алтайдан ауған ел» спектаклінің музыкалық көркемділігі үшін «Спектакльге музыка жазған жыл композиторы» номинациясына ие болды.
Театр сахнасындағы рөлдері:
М. Әуезов «Абай» – Айдар
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Төлеген
Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Қыздар – ай» – Серке
Қ.Жиенбай «Таңғажайып планета» – Қаршыға
М.Байжиев «Тіл табысқандар» – Асқар Ақмолдаев
Э.Хушвақтов «Қызыл алма» – Аббас
Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна Д Арк» – Мүгедек
Ж.Ерғалиев «Есігімді қаққан кім?» – Асқар
М.Машаду «Бразилия байлығы» – Манеку
Т.Теменов «Аққудың көз жасы…» – Садық
А.Айларов «Сүрінген сүрбойдақ» – Арсамаг
Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Бекболат
М.Байжиев «Жекпе-жек» – Азиз
Ұ.Есдәулет «Зере» – Емші
М.Әуезов «Қорғансыздың күні» – Түнек
С.Тұрғынбекұлы «Шәмші» элегиясы – Музыкамен сүйемелдеуші,
У.Шекспир «Отелло» – Яго
Р.Куни «Туған күн» – Генри
Низами Гәнжәуи «Ләйлі-Мәжнүн» – Мәжнүн
И.Кальман “Кабаре жұлдызы” – Бони
Ф.Болонья «Байланыс аясы» – Козимо
А.Вампилов «Ақ жауын» – Махамбет
Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Тергеуші
Ғ.Мүсірепов «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» – Жантық
2021 жылы қайта жаңартылған «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясының композиторы әрі қоюшы режиссері. Авторы – М.Әуезов. Спектакльдің сахналық нұсқасын жасаған режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ә.Оразбеков.
Театр репетуарындағы Т.Әсемқұлов «Құнанбай», М.Әуезов «Айман-Шолпан», Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» спектакльдерінің композиторы.
Олжас Жақыпбектің шығармашылық ізденістері мен талантын байқаған өзге театрлар арнайы шақырып, спектакльдерінен үлкен рөлдерді сеніп тапсыруда. Солардың бірі – Айгүл Иманбаеваның жеке театрында \А.И театры\: М.Әуезов «Қарагөз» – Сырым, «Федра» – Ипполит \Режиссері – Дина Құнанбай\ 2018 жылы ақпан айында «Федра» спектаклі Ресейде өтетін «CHELoBek ТЕАТРА» Халықаралық кіші театр форумы аясында халықаралық сарапшылардың назарына ұсынылды.
«Бәйтерек» тобының 10 жылдығына арнайы қойылған Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мюзиклінде – Қозы рөлін кескіндеді.
Олжас Жақыпбек актерліктен бөлек, бірнеше фильмдерге саундтрек жазып, композиторлық қырымен де танылып жүрген жас артист. Атап айтсақ,
· 2015 жылы «Алтын ұя» телехикаясы;
· 2017 жылы «Я люблю тебя, Ақерке» көркем фильмінің;
· «Балапан» телеарнасындағы «Он саусақ», «Оп-оңай» бағдарламаларының композиторы.
· 2018 жылы «Мұздағы жалын» телехикаясында басты рөлді сомдады.
«Алтын ұя», «Тағы да сүй» телехикаяларының композиторы.
Ізденімпаз артист бүгінгі күнде шетел фильмдерін қазақ тілінде сөйлетуде де еңбектер атқаруда:
«Жұлдызды соғыстар» – Кассиан, Андор, «Мұзды өлке» анимациялық фильмінде Кристоф, Люк Бессонның «Валериан және мың ғалам шаһары» – Валериан рөлдерін дыбыстаған. «Коко құпиясы», «Ральф интернетке қарсы», «Арыстан патша» анимациялық фильмдерінде басты кейіпкерлерді дыбыстады.
«Шақылдақ және төрт патшалық», «Алладин», «Ральф интернетке қарсы» анимациялық фильмінің кейіпкерлерін қазақ тілінде дыбыстады.
Қазақ киносына да өз үлесін қосуда: «Туған елдің түтіні», «Көк тарландары» – Нариман Сайын, «Алтын ұя» телехикаясында – Данияр, «Кішкентай Ханзада» – «Міржақып» деректі фильмінде – Міржақып Дулатов бейнесі.