Купить билет
ЖАҢАБЕРГЕНОВА АЙШОЛПАН МАНАСҚЫЗЫ

1983 жылы 3 қазанда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келді.

1990-1998 жылдары Арал қаласындағы қазақ орта мектебінде оқып, 1998-2000 жылдары Алматы қаласында Ж.Бәйсейітова атындағы  қазақ музыкалық арнайы мектебін бітірген.

2001-2005 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында оқыды.

2004-2006 жж «Нұр думан» студиясында әнші болып  жұмыс істеді. /«Ерке» тобы/

2006 жылдың қыркүйегінен бастап,елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актриса қызметін  атқарып келеді.

Театр сахнасындағы рөлдері:

М.Шаханов «Желтоқсан рухы» – Гауһар-ай

Ш.Айтматов «Ақ кеме» – Гүлжамал

С.Тұрғынбекұлы«Мұқағали» – Муза

Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Алма

М.Ақманов «Алдар көсе» – Мешін

Б.Ұзақов «Үміт» – Әлия

Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Қыздар-ай» – Нұрсұлу

Ә.Тарази «Үкілі жұлдыз» – Мем

С.Балғабаев «Ең жақсы еркек» – Ләтипажан

В.Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Ниночка

А.Чехов «Шие» – Бану

Ұ.Есдәулет «Зере» – Тыржыққыз

И.Кальман «Кабаре жұлдызы» – Стасси

Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Жоқтаушы

 

  • Айшолпан Жаңабергенова басты рөлдердің бірін сомдайтын «ШИЕ» комедиясы– 2016 жылдың 12-16 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы  Мәдениет  және  спорт министрлігі ұйымдастыруыменАқтөбе қаласында өткен Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық  фестивалінен  «Үздік спектакль» номинациясын, 2017 жылы ақпан айында РФ Челябі қаласында өткен «CHELoBEK ТЕАТРА»  V ХалықаралықКіші форм театр фестивалінде және 2017 жылы наурыз айында Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестиваліне қатысып, халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. Авторы – А.Чехов. Режиссері – Сергей Потапов.

2017 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы дипломымен марапатталды.

2021 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат тқызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.