1987 жылы Көкшетау қаласы, Бірлестік ауылында дүниеге келген.
1994-2002 ж.ж. Көкшетаудың №18 мектебінде дәріс алды.
2002-2006 ж.ж. Ақан Сері атындағы Мәдениет колледжін бітірді.
2006-2007 ж.ж. Көкшетау қаласының Ш.Хұсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында жұмыс жасады.
2006-2007 ж.ж. Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Театр және кино артисі» мамандығы бойынша білім алды.
2007-2008 ж.ж. Ғ.Мүсірепов атындағы Академиялық жастар мен жасөспірімдер театрында актриса болып қызмет етті.
2008-2010 ж.ж. Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Актерлік өнер» факультетінде «Театр және кино артисі» мамандығын бітірді.
2009 жылдан бастап елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы;
Театр сахнасындағы рөлдері:
М.Әуезов «Абай» – Ажар
Қ.Жүнісов «Махаббат мелодрамасы» – Ақсәуле
И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Адель
Е.Жуасбек «Антивирус» – Сәуле
Е.Жуасбек «Үйлену» – Ерек
А.Цагарели «Гамарджоба!» – Кабато
М.Фриш «Дон Жуанның думаны» – Донна Анна
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Қыз Жібек
Ғ.Мүсірепов «Ақан Сері – Ақтоқты» – Мәрзия
У.Шекспир «Гамлет» – Офелия
Қ.Шаңғытбаев, Қ.Бәйсейітов «Қыздар-ай» – Айсұлу
Ш.Мұртаза «Бір кем дүние» – Шынар
С.Мұқанов, Ш.Уалиханов «Шоқан» – Айжан
Р.Мұқанова «Сарра» – Ажар
Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Топыш сұлу
С.Тұрғынбекұлы «Шәмші» – Изольда
И.Кальман «Кабаре жұлдызы» – Сильва
Ф.Болонья «Байланыс аясы» – Карлотта
Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Қамқа
Кинода:
– 2013 жылы 4 сериялы «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Күләш» телесериалында Қарлығаш;
– 2013 жылы режиссер С.Нарымбетовтің «Аманат» фильмінде Айжан рөлін сомдады.
– 2016 жылы «Білім және Мәдениет» арнасының «Тайны и судьбы великих казахов» бағдарламасының қазақ операсының жұлдызы Күләш Бәйсейітоваға арналған санында Күләш бейнесін сомдады.
Жетістіктері:
2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған XIV Халықаралық Шығармашыл Жастар фестивалінде «КӨРКЕМ СӨЗ ЖАНРЫ» номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕ ұтып алды.
2011 жылы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған» I Республикалық Мағжан өнер фестивалінің Мағжан өлеңдерінің мәнерлеп оқу –көркемсөз байқауы бойынша I орын иегері атанды.
2011ж Ескендір Хасанғалиевтың шығармашылық кешінде «Ауылым» әнін орындады
2011 жылы Қарағанды облысының әкімдігі ұйымдастырған Қасым Аманжолов атындағы Республикалық «Жыр жазамын жүрегімнен…» атты ән конкурсының дипломант атағымен марапатталды.
2012 жылы Алматы қаласында өткен Орталық Азия Мемлекеттерінің IV Халықаралық Театрлар фестивалінен «Гамлет» спектаклімен қатысып, жоғары марапат Алғыс хатқа ие болды.
2013 жылы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстанның Халық жазушысы Т.Ахтановтың 90-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXI Республикалық фестиваліне Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасымен қатысып «Ең үздік ансамбль» номинациясын иеленді.
2013 жылы Халықаралық Театр күні мерекесі аясында Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
2014 жылы Қазақ халқының ардақты ұлы Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде өткізуге үлес қосқаны үшін Федерация президенті С.Абдуллаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
2012-2016 жж Қасым Аманжоловтың әндеріне арналған «Қасымның әндері-ай» концертінде автордың «Түн ортасы ауғанда» әнін орындады, сол ән Шалқар, Астана, т.б радиолардан берілді.
Нұр-Сұлтан қаласының көптеген мәдени іс-шараларға жүргізуші, әнші болып қатысып келеді.
2019 жылы Гауһар Жүсіпова басты рөлдердің бірін сомдайтын Р.Мұқанованың «Сарра» драмасы «CHELOVEK ТЕАТРА» VIІ Халықаралық театр фестиваліне қатысып, халықаралық театр сарапшыларының жоғары бағасын алды.
2019-2020 жылдары Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, Қаллеки театрының халық аспаптар ансамблі мен симфониялық оркестрінің әнші-солисі.
2021 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.