Купить билет
Жүсіпова Гаухар Айдаржанқызы

1987  жылы Көкшетау қаласы, Бірлестік ауылында дүниеге келген.

1994-2002 ж.ж. Көкшетаудың №18 мектебінде дәріс алды.

2002-2006 ж.ж. Ақан Сері атындағы Мәдениет колледжін бітірді.

2006-2007 ж.ж. Көкшетау қаласының Ш.Хұсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында жұмыс жасады.

2006-2007 ж.ж. Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Театр және кино артисі» мамандығы бойынша білім алды.

2007-2008 ж.ж. Ғ.Мүсірепов атындағы Академиялық жастар мен жасөспірімдер театрында актриса болып қызмет етті.

2008-2010 ж.ж. Астана қаласының Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Актерлік өнер» факультетінде «Театр және кино артисі» мамандығын бітірді.

2009 жылдан бері Астана қаласы әкімдігінің Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актриса қызметін атқарады.

Туған жылы: 1987ж.

Сомдаған рөлдері:

Кинода:–        2013 жылы 4 сериялы «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Күләш» телесериалында Қарлығаш;

–        2013 жылы режиссер С.Нарымбетовтің «Аманат» фильмінде Айжан рөлін сомдады.

–        2016 жылы «Білім және Мәдениет» арнасының «Тайны и судьбы великих казахов» бағдарламасының қазақ операсының жұлдызы Күләш Бәйсейітоваға арналған санында Күләш бейнесін сомдады.

Жетістіктері:

  • 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған XIV Халықаралық Шығармашыл Жастар фестивалінде «КӨРКЕМ СӨЗ ЖАНРЫ» номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕ ұтып алды.
  • 2011 жылы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған» I Республикалық Мағжан өнер фестивалінің Мағжан өлеңдерінің мәнерлеп оқу –көркемсөз байқауы бойынша I орын иегері атанды.
  • 2011 жылы Қарағанды облысының әкімдігі ұйымдастырған Қасым Аманжолов атындағы Республикалық «Жыр жазамын жүрегімнен…» атты ән конкурсының дипломант атағымен марапатталды.
  • 2012 жылы Алматы қаласында өткен Орталық Азия Мемлекеттерінің IV Халықаралық Театрлар фестивалінен «Гамлет» спектаклімен қатысып, жоғары марапат Алғыс хатқа ие болды.
  • 2013 жылы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстанның Халық жазушысы Т.Ахтановтың 90-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXI Республикалық фестиваліне Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасымен қатысып «Ең үздік ансамбль» номинациясын иеленді.
  • 2013 жылы Халықаралық Театр күні мерекесі аясында Астана қаласы Мәдениет басқармасының бастығы Б.Мажағұловтың Алғыс хатымен марапатталды.
  • 2014 жылы Қазақ халқының ардақты ұлы Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде өткізуге үлес қосқаны үшін Федерация президенті С.Абдуллаевтың Алғыс хатымен марапатталды.