Қоюшы режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
1958 жылы 25 тамызда Орал облысы, Орда ауданы, Жәнібек ауылында дүниеге келген.
1978-1982 жылдары Алматы мемлекеттік театр және көркем сурет институтының актер бөлімін бітірген.
1982 жылы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының актері болып қызмет атқарды.
1988 жылы Алматы мемлекеттік театр және көркем сурет институтының қоюшы режиссер бөлімін профессор Әзірбайжан Мамбетовтың шеберханасынан тәмамдады.
1986 жылы Ж.Шанин атындағы Шымкент облыстық драма театрында Д.Исабековтың «Тыныштық күзетшісі» спектаклін қойды.
1987-2000 жылдары ҚР мемлекеттік телерадио тарату кешенінің режиссері және бас режиссері қызметін атқарды.
2000 жылы Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Ә.Мәмбетовтың шақыруымен қоюшы режиссер қызметін атқарады.
Сахнаға шығарған қойылымдары: Ә.Сарай «Балуан Шолақ», М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай», А.Аксенов «Алқызыл гүл», С.Жүнісов «Орман оқиғасы», Ж.Мольер «Скапеннің айласы», Д.Исабеков «Алтын тордағы тоты» , Ш.Айтматов «Ақ кеме», У.Шекспир «Ромео мен Джулетта», И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы», Е.Жуасбек «Үйлену», «Сен үшін», «Терең тамырлар», Ф.Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы», Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты», А.Вальехо «Күн сәулесі түспеген».
2002 жылы Петропавл қаласында өткен 10 республикалық театрлар фестивалінде Ж.Мольера «Скапеннің айласы» спектаклі «Үздік ер ролі» номинациясын иеленді және Халықаралық «Шабыт» фестивалінде 1 орын алды.
2002 жылы Шымкентте өткен Халықаралық театрлар фестивалінде Д.Исабековтің «Алтын тордағы тоты» спектаклі «Гран При» иегері атанып, «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды.
2003 жылы Көкшетаудағы Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрының шақыруымен Н.В.Гогольдің «Үйлену» спектаклін шығарды.
2004 жылы Ж.Шанин атындағы Шымкент облыстық драма театрының 70 жылдық құрметіне арнап Ғ. Мүсірепов, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» спектаклін қойды.
2012 жылдың 16-24 қыркүйек аралығында Орал қаласында өткен Ә.Мамбетовтің 80-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XX Республикалық фестиваліне Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясымен қатысып, «Қадыр Мырзалиев атындағы» арнайы сыйлықты және Науан бейнесін сомдаған актер, ҚР халық артисі Тілектес Мейрамов «Ең үздік ер бейнесі» номинацияларын иеленіп қайтты. Қоюшы режиссері – Нұрлан Жұманиязов.
2015 жылы Атырау қаласында белгілі жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің және Халықаралық Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың иегері Рахымжан Отарбаев атындағы Халықаралық театр фестиваліне Рахымжан Отарбаевтың «Нашақор туралы новелла» шығармасының желісінде «Көлеңкесіз жолаушы» драмасымен қатысып, қойылым режиссері Нұрлан Жұманиязов «Үздік режиссер», актриса Айнұр Бермұхамбетова «Үздік актриса» номинациясына ие болды.
2005 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атанды.
2012 жылы «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.