Купить билет
Жұмашев Амантай Жұмашұлы

Бас хормейстер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

1961 жылы 30 наурызда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келді. 1968-1978 жылдары Ақтоғайдағы мектепті бітірген.

1978-1983 жылдары Целиноград қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Мемлекеттік педогогикалық институтында «музыка және ән айту» факультетін тәмәмдаған.

1983-1991 жылдары Жезқазғандағы облыстық филормонияда қызмет атқарды.

1991 жылдан бастап Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының бас хормейстері қызметін атқарып келеді. Театрда бірнеше концерттік бағдарламалар жасады. Олар: «Наурызым әнім, наурызым сәнім», «Ән домбыра, сән домбыра».

Концерттік бағдарламамен Германияның Мюнхен, Кельн, Франкфурт, Майн қалаларында, Польшада, Мәскеуде өнер көрсетті. Сонымен қатар, бірнеше спектакльдерге музыка жазды: М. Шаханов «Танакөз» поэтикалық драмасы, Т. Ахтановтың «Күшік күйеу», З. Жакуповтың «Бажалар мен балдыздар», М. Хасенов «Пай – пай, жас жұбайлар-ай» комедиялары.

2007 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды.

Театрда А. Жұмашевтің құрған вокалдық тобы жұмыс жасайды. Бірнеше хорға арналған және жеке дауысқа жазылған шығармалардың авторы.

2016 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.