Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
«Тарлан» тәуелсіз сыйлығының,
«Еңлікгүл» кәсіби театр сыйлығының,
«Сахнагер-2019» Ұлттық театр сыйлығының лауреаты
ТҮРКСОЙ Ұйымының 7 халықаралық «ANADOLU» театр сыйлығының иегері
Мирғалиева Гүлсина Бақытжанқызы 1975 жылы 20 ақпанда Ресей Федерациясы, Самара облысы, Большечерниговский ауданы, Кошкин ауылында дүниеге келді. Әкесі Бақытжан трактор бригадирі, анасы мәдениет саласында көп жыл қызмет етті. Анасының мәдениет саласында жұмыс істеуі Г.Мирғалиеваның өнер жолын таңдауына тікелей әсерін тигізді. Отбасында барлығы дерлік өнер жолын таңдаған жандар.
1982-1992 жылы Августоский атындағы мектептен орта білім алды. 1995-2000 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында «драма режиссері» мамандығы бойынша Маман Байсеркеұлы шеберханасында білім алды.
Шығармашылық жолын Көкшетау қаласындағы Ш.Құсайынов атындағы облыстық драма театрында қоюшы режиссер қызметінен бастады. 2002 жылы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрына көркемдік жетекші әрі бас режиссер қызметін атқарды. Театр негізін қалаушылардың бірі. Гүлсина Бақытжанқызы осы жылдар ішінде өзінің ұйымдастырушылық іскерлігімен, жемісті шығармашылық қызметімен танылып әралуан фестивальдарда жүлделі оралды.
- 2000 жылы Қазақстан театрларының VIII фестивалінде Н.Гогольдің «Ревизор» қойылымы үшін «Үздік режиссерлік дебют»;
- 2001 жылы Шағын комедиялардың бірінші республикалық театр блиц-фестивалінде «Конвейер» спектаклі үшін Бас жүлде;
- Республикалық жастар мен балаларға арналған қойылымдар фестивалінде Т.Әліпбаевтің «Томирис» спектаклімен «Тұсау кесер» номинациясы;
- 2003 жылы ХІ Республикалық театр фестивалінде Б.Беделханұлының «Махамбет» спектаклімен «Режиссерлік ізденісі үшін» номинациясы;
- 2004 жылы «Тарлан» Тәуелсіз сыйлығының лауреаты;
- 2004 жылы VII «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде Абайдың 38 қара сөзінің негізінде идея және инсценировка авторы Г.Мирғалиеваның «38 немесе Қарақұрт» спектаклімен Гран-При, «Ең үздік режиссер» номинациялары;
- 2005 жылы XIII Республикалық театр фестивалінде «38 немесе Қарақұрт» қойылымымен «Шығармашылық жаңа ізденістері үшін» дипломы;
- 2006 жылы Қазақстанның іскер әйелдері арасындағы «Ажар» сыйлығының лауреаты;
- 2006 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
- 2008 жылы Қазақстан театрларының XVI Республикалық фестивалінде Ф.Эрвенің «Айлакер ару» қойылымымен I орын иегері;
- 2011 жылы XIX Республикалық театр фестивалінде С.Құдайбергеновтың «Перзентхана» қойылымы үшін «Ең үздік режиссерлік шешім» және актриса Майра Бақбердиева «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясын иеленді;
- 2012 жылы ХХ Республикалық театр фестивалінде М.Әуезов, С.Цвейгтің «Зілзала» спектаклімен «Ең үздік режиссер» номинациясы;
- 2013 жылы «Еңлікгүл» кәсіби театр сыйлығының лауреаты;
- 2013 жылы «Кәусар» фильмнің сценарий авторы әрі режиссері;
- 2013 жылы Б.Худойназаровтың «В ожидании моря» фильміне түсті;
- 2013 жылы Таразда өткен «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» атты актерлерге арналған І Республикалық театр фестиваліне М.Байджиевтің «Іздедім сені» психологиялық драмасымен қатысып, Нәзи ролін сомдаған актриса Манкеева Бану «Жоғары актерлік шеберлігі үшін» номинациясына ие болды;
- 2014 жылы Ақтауда өткен Орталық Азия мемлекеттерінің V халықаралық театр фестивалінде «Зілзала» спектаклінде сомдаған рольдері үшін Гюль Зиятова, Айнұр Абенова, Бану Манкеева «Екінші пландағы үздік роль» номинациясын иеленді;
- 2015 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының төс белгісі;
- 2016 жылы Ақтауда өткен «ӘБІШ ӘЛЕМІ» І республикалық театр фестивалінде Әбіш Кекілбайұлының «Шыңырау» повесінің желісі бойынша сахналанған «Шыңырау» (режиссері, инсценировка авторы С.Потапов) қойылымы үшін «Ең үздік қойылым» – Бас жүлде «Әбіш Кекілбаев атындағы сыйлықты» жеңіп алды;
- 2016 жылы Ақтөбеде өткен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық фестивалінде У.Шекспирдің «Гамлет» спектаклімен өнер көрсетіп, актер К.Башаров Гамлет ролі үшін «Үздік ер адам бейнесі» номинациясын олжалап қайтты;
- 2017 жылы Түркияда Халықаралық Қара теңіз театрлар фестивалінде «Гамлет» спектаклімен ТҮРКСОЙ ұйымының дипломы;
- 2017 жылы «Нұрмұхан Жантөрин» атындағы төсбелгі;
- 2019 жылы Қазақстан драма театрларының ХХVІІ республикалық театр фестивалінде актер М.Өмірәлиев Н.Сауданбекұлының «Әлиханның аманаты» спектакліндегі Әлихан ролі үшін «Үздік ер адам бейнесі» номинациясы;
- «Сахнагер-2019» Ұлттық театр сыйлығының жеңімпазы;
- 2021 жылы Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының директоры;
- 2021 жылы ТҮРКСОЙ Ұйымының түркі әлемінің театр кеңістігіне қосқан үлесі үшін «ANADOLU» 7 халықаралық театр сыйлығының иегері;
- Грузияда «Театральная Имерети – 2022» Халықаралық театр фестивалінде А.Цагарелидің «Ханума» спектаклімен «Грузин драматургиясының үздік сахналық интерпретациясы» және «Үздік актерлік ансамбль» номинациялары бойынша марапатталды.
- 2024 жылы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі.
Менің әр артистің бірегейлігіне деген сенімім, бүтіндей театрдың бірегейлігіне әкелді. Бәлкім, бұл дұрыс жол таңдағанымыздың белгісі.
Гүлсина Мирғалиева