1969 жылы 12 наурыз күні Алматы облысында дүниеге келген.
Алматы Мемлекеттік театр көркемсурет институтының «театр және кино актері» мамандығын бітірген.
1999 жылы Республикалық Н.Жантурин атындағы көркемсөз оқу шеберінің Гран при иегері;
1999 жылы Республикалық О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шебері I орын лауреат;
1998 жылы Республикалық театр фестивалінің Гран при иегері.
2004 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері;
2010 жылы «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды;
2010 жылы Қырғызстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды;
2011 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді;
2015 жылы Атырау қаласында өткен драматург Рахымжан Отарбаевтың Халықаралық театр фестивалінде театр Б.Молдабаев Көрші бейнесін кескіндеген «Көлеңкесіз жолаушы» драмасымен қатысып, режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Н. Жұманиязов «Үздік режиссер» номинациясын иеленді.
2019 жылы «Өнер саласындағы іргелі жетістіктері мен кейіпкер образын сомдаудағы шеберлігі үшін» меценат Б.Қ.Алтынбеков тағайындаған «К.Нұрланов атындағы сыйлықтың» иегері атанды.
2021 жылы өр рух пен өнерді ұштастырып, Ұлы даланы қорғаған бес қаруды дәріптеген Т.Айтқожанов атындағы І Республикалық “Бес қару” сахналық өнер фестиваліне қатысып, Б.Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театрының директоры Сенкебаев Руслан мырзаның арнайы “Қолбасшы” атты Құрмет грамотасы мен Т.Айтқожанов атындағы қол шоқпарына ие болды.
Театр сахнасындағы рөлдері:
М.Әуезов «Абай» – Әбдірахман,
М.Әуезов «Қарагөз» – Нарша, «Қанды азу» – Аңшы
М.Әуезов «Еңлік – Кебек» – Көбей би
М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Әлібек
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Қодар
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Сырлыбай
Т.Ахтанов «Ант» – Барақ би
Б.Мұқай «Тойы көп үй» – Шорабай қарт
«Сергеңдең болған серілер» – Жан Ислам
Х.Ерғалиев «Құрманғазы» – Әубәкір
С.Асылбеков «Бір түнгі оқиға» – Қайсар
С.Балғабаев «Біз де ғашық болғанбыз» – Дәуіт Рақымбай
И.Ғайып «Қорқыт» – Қорқыт
Д.Исабеков «Бонапорттың үйленуі» – Ауғанбек
Қ.Қырзалиев «Қасқыр-қақпан» – Ескермес қойшы
М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» – Есет
С.Жүнісов «Жаралы гүлдер» – Пипін короткий
Т.Ахметжан «Қараторғай» – Құрбан
Е.Домбаев «Ғашықтық туралы баллада» – Тау жігіті
М.Ғапаров «Ешқайда апармайтын жол» – Аңшы. Капитан. Актер
Р.Отарбаев «Сырым батыр» – Нұралы хан
У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Пірадар
В.Дельмар «Баянсыз бақ» – Мистер Купер
А.Камю «Калигула» – Херея
Ш.Башбеков «Шойын қатын» – Қошқарбек
О.Иоселиани «Отыз ұлың болғанша» – Карпе
Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Қалдан Серен
А.Вальехо «Күн сәулесі түспеген» – Әке
Р.Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – Көрші
Қ.Жиенбай «Таңғажайып планета» – Құттымұрат
Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна Д’Арк» – Әкесі
В.Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Гура
Қ.Жүнісов «Сәкен Сұңқар» – Сыдық
А.Айларов «Сүрінген сүрбойдақ» – Сико
М.Әуезов, Қ.Ысқақ «Қараш-Қараш» – Сарысақал
Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы» – Әбділхан
Р.Отарбаев «Әміре» – Комиссар
Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Әлібек
Ұ.Есдәулет «Зере» – Бөжей
У.Шекспир «Отелло» – Әмір
К.Кизи «7+1» – Чесвик
И.Кальман «Кабаре жұлдызы» – Леопольд
Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Би
Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Би
И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Амадей
Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Қатыран, Көш