Купить билет
Нұрымбет Ержан Амангелдіұлы

1976  жылы  17  қаңтарда  Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылында дүниеге келген.

1981-1992 жылдары аталмыш ауылдың М.Жұмабаев атындағы орта мектебінде оқыды.

1996 жылы Халықаралық қазақ–түрік  университетінің Өнер факультетіне  түсіп,  2000 жылы  «драма актері» квалификациясы  мамандығын тәмамдады.

2000-2007 жылдары Түркістан сазды-драма театрында актерлік қызмет атқарды.

2007 жылдан бастап елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері;

 

Театр сахнасындағы рөлдері:

С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Абдолла

Қ.Байсейітов, Қ.Шаңғытбаев «Беу, қыздар-ай» – Әубәкір

С.Қасымбек «Иассауи қасіреті» – Иассауи

С.Қасымбек «Өлесің бе?»-  Жалақ

Вахапзаде «Көк түріктер» – Ян-Чун

М.Әуезов «Қаракөз» – Нарша, Дулат

М.Әуезов «Еңлік – Кебек» – Қараменде

М.Әуезов «Абай» – Әбдірахман

М.Әуезов «Айман – Шолпан» – Әлібек

С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Хаким

Қ.Мырзалиев «Әмір темір» – Дау

У.Шекспир «Асауға тұсау» – Грумио

У.Шекспир «Гамлет» – Клавдий

О.Бөкей «Құлыным менің» – Алик

О.Ақжарқын-Сәрсенбек, А.Кенебаева «Алжир азасы» – Түрме бастығы Ш.Айтматов «Ғасырдан ұзақ күн» – Таңсықбаев, Жуан-Жуан

Е.Жуасбек «Үйлену» – Бөлек

Е.Жуасбек «Терең тамырлар» – Елбасының көмекшісі

А.Цагарели «Гамарджоба» – Котэ

Т.Джюдженоглу «Көшкін» – Жігіт

Қ.Жүнісов «Махаббат мелодрамасы» – Оспан

И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Блинд

Д.Рамазан «Кенесары – Күнімжан» – Нысанбай

Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Әмірсана

М.Фриш «Дон Жуанның думаны» – Дон Родриго, Дон Антонио Ф.Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» – Әнші жігіт

Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Сердәлі

Ш. Мұртаза «Бір кем дүние» – Нәпіл

Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна д’Арк» – Король Карл

М.Байжиев «Жекпе-Жек» – Әзиз

С.Мұқанов, Ш.Уәлиханов «Шоқан» – Шоқан

М.Әуезов, Қ.Ысқақ «Қараш-Қараш» – Бақтығұл

Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы» – Раймалы

М.Әуезов «Қорғансыздың күні» – Жақып,

К.Кизи «7+1» – Хардинг

Н.Гәнжәуи «Ләйлі-Мәжнүн» – Дәруіш

Д.Исабеков «Бөрте» – Жамұқа

Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Би

Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Әбілқайыр хан

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Халифа Алтай

М.Сервантес «Дон Кихот» – Дон Кихот.

 

2021 жылы Түркістан музыкалық драма театрының арнайы шақыруымен Д.Исбековтың «Бөрте» спектаклінде Жамұқа рөлін сомдады. Режиссері – белгілі италиялық режиссер Давиде Ливерморе (Davide Livermore)

 

 

Фильмдері:   Б.Қалымбетов «Сардар» – Ақберді /Қазақфильм/ 2003 жыл;  Е.Тұрсынов «Келін» /Қазақфильм/ 2009 жыл;  А.Сулеева, А.Райбаев «Жеңіс семсері»- Арыстан /Қазақфильм/ 2013 жыл;   Е. Тұрсынов «Жат» – Ілияс /Тұрсыновфильм/ 2015 жыл; Ю.Ковалев  «Сторожова Застава» – Хан Андак /Украина. UA./ 2017 жыл; Б.Қалымбетов «Талан» – Шорман  /Қазақфильм/ 2017 жыл.

Марапаттары:

2015 жылы ХІ Халықаралық Еуразия кинофестивалінде «Жат» фильміндегі Ілияс рөлі үшін «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясын иеленді.

2019 жылы Халықаралық театр күні мерекесіне орай елорда мәдениеті мен руханиятын дамытуға және елдік мұраттар мен халқымыздың мәдени құндылықтарын насихаттауға қосқан еселі еңбегі үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімі атынан Алғыс хатпен марапатталды.

Актер Ержан Нұрымбет Дәруіш рөлін сомдаған «Ләйлі-Мәжнүн» спектаклі /Авт:Н.Гәнжәуи Реж: Б.Абдураззаков/ 2019 жылы Семей қаласында өткен Қазақстан драма театрларының XXVII Республикалық фестивалі және «Samgau» VII Халықаралық театр фестивалі аясында көрсетіліп, фестивальдің арнайы дипломымен марапатталды. 2021 жылы Қазан қаласында өткен түркі халықтарының XV «Наурыз» халықаралық театр фестивалінде (online)  көрсетіліп,  халықаралық театр сарапшыларының жоғары бағасын алды. Спектакль Халықаралық театр сыншылары бірлестігі бекіткен «Сыншылар жүлдесімен» марапатталды.

2020 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

2021 жылы «Құрмет» Орденінің иегері атанды.

2022 жылы «Қаллеки тынысы» премьералар апталығы аясында М.Сервантестің «Дон Кихот» спектакліндегі Дон Кихот бейнесі үшін «Үздік Актер» номинациясына ие болады.