Купить билет
Омарова Арай Сарқытқызы

Омарова  Арай  Сарқытқызы

Актриса

 

Омарова Арай Сарқытқызы – 1991 жылы 3 шілде күні Семей қаласында дүниеге келген.

2009-2013 жылдары Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында Машурова Рахилям Әбдірахманқызының шеберханасында оқыды.

2013-2018 жылдары Ақтау қаласындағы Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында актриса болып қызмет етті. Аталмыш театр сахнасында сомдаған рөлдері:  И.Сапарбай «Сыған серенадасы» -Изольда, О.Жанайдаров «Жұт» – Сәуле, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу»- Баян, З.Зайнуллин «41 жылдың келіншектері»- Мунавара, А.Камю «Калигула»- Цезония, Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы»- Жәмилә, «Бопай»-  Бопай ханым, М.Әуезов, С.Цвейг «Зіл-зала»- Ақсүйек әйел бейнесі.

2018 жылдан бастап елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық дарам театрының актрисасы;

Театр сахнасындағы рөлдері: Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым»– Хадиша, У.Шекспир «Отелло» – Эмилия, Ф.Бордон «Қардағы көгершіннің ізі» – Елес,  Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Қамқа, Р.Мұқанова «Бопай ханым»– Баян, М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Айман, Шолпан тобындағы қыздардың бірі, Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел»- Гүлсім, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Гаухар, Д.Рамазан «Жошы хан» – Құлан Қатын.