Купить билет
Орман Бибарыс Сұлтанәліұлы

Орман Бибарыс Сұлтанәліұлы 1998 жылы 16 сәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген.

2004 жылы №74 орта мектептің табалдырығын аттап, 2015 жылы №78 жалпы орта мектепті тәмамдаған.

2015-2019 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Гүлнар Аманжанова Бекенқызының шеберханасына оқуға түсіп, «Музыкалық театр және кино артисі» мамандығы бойынша тәлім алған.

2019 – 2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «Astana musical» театрының актері болды.

2021 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері.

Театр сахнасындағы рөлдері: М.Әуезов «Айман – Шолпан» – Жантық, Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – бала Хасен, Мигель де Сервантес «Дон Кихот», Е.Жуасбек «Үйлену» – тамада, С.Қайырбек «Кешкі 7» – концерт спектакль – Актер.

 

Кино саласындағы рөлдері:

«Тағы да сүй» сериал (Реж.Асхат Мұсабай) 2018 ж.

«Жаным менің» сериал (реж.Бақытжан Санитас) 2018 ж.

«Күрес» сериал (реж.Олжас Нұрбай) 2018 ж.