Купить билет
Орынтай  Ақниет  Мейіржанқызы

Орынтай Ақниет Мейіржанқызы – 1996 жылы 8 наурыз күні Алматы қаласында дүниеге келген.

2013 жылы Ғ. Мүсірепов атындағы №86 гимназияны тәмамдаған. Тоғызыншы сынып оқып жүргеннен бастап қалалық «Қазақ аруы» байқауында Бас жүлдені иеленіп, өнердегі алғашқы еңбек жолын бастаған.

2013-2017 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Оразалы Ақжарқын-Сәрсенбек шеберханасына оқуға түсіп, мастері (режиссер, кино актері) Қубанычбек Адылов «Қуыршақ театр және кино артисі» мамандығы бойынша тәлім алған.

Студенттік кезден бастап, 2015 жылы Орта Азия елдері арасындағы

танымал театр режиссері Барзу Абдуразаков сахналаған Т.Слободзянек «Одноклассники. Уроки жизни» қойылымында  Зоська рөлін сомадады. Аталмыш спектакль Санкт-Петербург қаласындаМемлекеттік «ArtОкраина» фестивалінде Гран-При иегері атанды.

2016 жылы Алматы қаласы Б.Омаров атындағы «Жас сахна» театрына толыққанды маман ретінде жұмысқа қабылданды. «Жас сахна» театрында:               Т. Джюдженоглу «Лавина» – Келін, Карло Гоцци «Счастливые нищие» –  Дземруда,  Ж.Б.Мольер «Лекарь поневоле» -Люцинда, Д.Нигро «Теория нитки. Звериные истории» -Бобби, Макс Фриш- «Бидерман и поджигатели» Кнехтлинг ханым ( хор),У.Шекспир «Гамлет» – Офелия, Л.Разумовская «Последний экзамен»-Ляля, Карло Гольдони «Трактирщица», «Мирандолина» -Мирандолина, Ш.Айтматов «Жәмилә», М.Карим- «Дала заңы» -Зұбаржат «Я, бабушка, Илико и Илларион» – Мери, тетя Марта.

2019 жылы «Трансформа» өнер кеңістігінің «Қыз қуу» пластикалық қойылымына қатыстын. Режиссері –  Екатерина Шмонина.

Цирк (6-ай) “Nomad stunts” каскадер (атпен трюк).

2021 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы.

    Театр сахнасындағы рөлдері:  И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Эмма, М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Айман, Шолпан тобындағы қыз. Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел»  -Халифа Алтайдың әйелі  Зейнеп, А.Менчелл «Күзгі іңір» («Сен маған керексің») – Жас Люсиль, М.Сервантес «Дон Кихот» – Дульсинея, Ғ.Мүсірепов «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» – Баян.

   Кино саласындағы рөлдері: Толықметрлі фильм «Дочь Чингисхана в 21 веке» (2018) – Шыңғысханның қызы, Александра Денисенко «Тарас. Возращение» көркем фильмі (2020 ж)  – Украин-қазақ қызы – Катя                              (Қызтумас). Каменец-Подольскийде өткен «Бруковка» халықаралық кинофестивалінде фильмге ең үздік украиндық көркем фильм, оператор жұмысы үшін фестивальдің жоғары марапаты берілді. Ровна қаласында өткен халықаралық «Мисто Мрия» кинофестивалінде фильм «Үздік көркем фильм» номинациясында жүлделі орынға ие болды.

«Қасым хан»  (2021)  – Амозонка.

«Келинка тоже человек» – эпизод.

Асқар Ұзабаев «IT-молодец» т/х – Айсұлу.

«Қозы көрпеш- Баян сұлу» т/х – Таңсық. Реж. Дархан Сәркенов.

«Сүйе білсең 2» – Томирис. Реж. Ернар Нургалиев.

Валерий Аркадьевич Мызников (Мәскеу) «Красный уровень»- тергеуші Жібек.

Төлеген Бейсет «Отыңды өшірме» – Айым.

Санжар Омаров «Ана жүрегі» (эпизод)

Самал Смағұлова «Рауза» – Зарина

Асар Абулхаиров «Сериал емес»- Гүлнар Ертайқызы.

«Чемпион, Диета» қысқаметражды фильм.

«1286» веб т/х  –