Тоқманғалиева Сая Тұрғазықызы – театр және кино актрисасы, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының иегері, дубляж шебері. Нұр-Сұлтан қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы.
1982 жылы 23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы Абай ауданында дүниеге келді.1989-1999 жылдары Көкбай атындағы орта мектебін бітірді. 2000-2003 жылдары Семей қаласының М.Төлебаев атындағы саз колледжінің педагог-организатор бөлімін тәмамдады.
2003-2007 жылдары Астана қаласының Қазақ Ұлттық Музыка Академиясын үздік бітірді.
2007 жылдан бастап елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы;
Театр сахнасындағы рөлдері:
М.Әуезов «Еңлік – Кебек» – Еңлік
М.Әуезов «Абай» – Ажар, Қарлығаш
«Айман – Шолпан» – Айман
Дж.Патрик «Қымбатты Памелла» – Глория
Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Алма
Э.Хушвақтов «Қызыл алма» – Рушана
Е.Жуасбек «Үйлену» – Желек
Е.Жуасбек «Антивирус» – Жанна
А.Цагарели «Гамарджоба» – Сона
М.Фриш «Дон-Жуанның думаны» – Донна Марианна
У.Шекспир «Гамлет» – Гертруда,
Қ.Шаңғытбаев, Қ. Байсейітов «Қыздар-ай» – Күнсұлу
Д.Рамазан «Кенесары-Күнімжан» – Күнімжан
Ш.Мұртаза «Бір кем дүние» – Құртқа
Ә.Тарази «Люстра» – Си
Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна д’Арк» – Жанна
М.Әуезов, Қ.Ысқақ «Қараш-Қараш» – Қатша
Р.Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – Жанна
Халық ертегісі «Ер Төстік» – Мыстан
Е.Шварц «Күлшеқыз» – Анна
М.Машаду «Бразилия байлығы» – Дәрігер
В. Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Сашенька
Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы» – Ағайша
Р.Мұқанова «Сарра» – Сарра
М.Әуезов «Қорғансыздың күні» – Дүйсеннің әйелі
Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Хадиша
Р.Отарбаев «Әміре» – Оразке
Ұ.Есдәулет «Зере» – Ұлжан
Ф.Болонья «Байланыс аясы..16+» – Ева
Р.Куни «Туған күн» – Джейн
И.Кальман «Кабаре жұлдызы» – Ангильда
Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Бопай ханым
Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Бәтей, Көш
Э.Шмитт «Хат» – Н’Да
Фильмдегі рөлдері: «Алып қашу операциясы» – мұғалім, реж. С. Расулов, «Астанаға көктем кеш келеді» – құрбысы, реж. Е.Рақышев, «Бір келіншек» – келіншек, реж. А.Ташев, Ж.Құсайынов.
Дубляж актрисасы: «Ральф интернетке қарсы»,«Коконың құпиясы»
«Арыстан патша»,«Супер отбасы», «Көліктер – 2» Дисней мультфильмдерін қазақ тілінде сөйлетті. Сол секілді Отандық «Қазақстан», «7 арна», «Астана» телеарнасындағы шетелдік телесериалдар мен фильмдерді қазақ тілінде сөйлетті.
Марапаттары:
2004 жылы «Шабыт» Халықаралық байқауында көркем сөз оқу шеберлігінің лауреаты атанды.
2005 жылы «Жас бәйтерек» жастар байқауының Гран-При иегері.
2007-2008 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы №2 өнер мектебінде ұстаздық қызметте болды. «Шаттық» дельфийлік ойындарында шәкірттері «көркем сөз оқу» аталымы бойынша алтын белгілерге ие болды.
2015 жылы Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының иегері атанды.
2014 жылы Актриса Сая Тоқманғалиева Си бейнесін сомдаған «Үкілі
жұлдыз» спектаклі Павлодар қаласында өткен қайраткер, тұлға, жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына арналған «Алаш Ардақтысы» аймақтық театр фестиваліне қатысып Гран-Приді жеңіп алды. Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.
2019 жылы ұлттық мәдениетімізді дамытуға қосқан сүбелі үлесі және кәсіподақ ұйымындағы белсенді қызметі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрі мен Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрайымы атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.
2019 жылы Сая Тоқманғалиева басты рөлді сомдайтын Р.Мұқанованың «Сарра» драмасы «CHELOVEK ТЕАТРА» VIІ Халықаралық театр фестиваліне қатысып, халықаралық театр сарапшыларының жоғары бағасын алды.
Сая Тоқманғалиева – қазақ театр өнерімен қоса педагогика, дубляж саласында да үздіксіз еңбек етіп жүрген танымал актрисаның бірі.