Купить билет
Төленбаев Жанқалдыбек Мүфтиұлы

1973 жылы  3 маусымда  Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келді.

1980-1990  жылдары Ақсуат орта мектебін бітірді.

1990-1991 жылдары Аудандық Мәдениет үйінде кино механик қызметін атқарды.

1991-1993  жылдары  Кеңес  армиясы  қатарында  әскери борышын өтеді.

1995-1999 жылдары Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық театр және кино институты «Музыкалық комедия актері» бөлімін  профессор, ҚР еңбек сіңірген артисі Рахила Машурованың сыныбында оқып бітірді.

1999  жылдан  Халық  қаһарманы  Ә. Мәмбетовтің шақыруымен елордадағы  Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық  драма  театрында актерлік  қызмет  жасап  келеді.

        Шығармашылық жетістіктері:

2000 жылы  Ресейдегі  Қазақстанның Мәдени  жылына  арналған іс-шараларға белсенді қатысып, көрермендердің жоғары бағасына ие болды.

2001  жылы Бірінші Республикалық театрлық шағын комедиялар блиц-фестивалінде «Таракан из-за границы»  қойылымы үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2001 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.

2002 жылы Халықаралық Шабыт жастар шығармашылық фестивалінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2002 жылы «Тазша бала» конкурсының Гран-При иегері.

2004 жылы Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының «Құрмет»  грамотасын иеленді.

2004-2008  жылы «Астана думан»  әзіл-сықақ  театрының актері болып қызмет етті.

2006-2010 жылдары Президенттік Мәдени орталығындағы  Ұлттық дәстүрлі театрында актер болып қызмет атқарды. Атап айтсақ, «Алпамыс батыр» – Алпамыс, М. Жолдасбековтың «Ұлбике» қойылымында – Күдерқожа; «Армысың, Әз Наурыз»  қойылымында  –  Алдар  Көсе сынды бабаларымыздың асыл бейнесін нақышына келтіре отырып, өте жоғары деңгейде сомдап шықты.

2007 жылдары «Астана» телеарнасындағы  «Езу тартар» бағдарламасын жүргізді.

2007 жылы ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Театр сахнасындағы рөлдері:

М.Әуезов «Абай» – Жиренше

М.Әуезов «Еңлік-Кебек» – Абыз

М.Әуезов «Қарагөз» – Дулат

М.Әуезов «Қара қыпшақ Қобыланды» – Көклан

М.Әуезов «Айман – Шолпан» – Маман

Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Науан

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Базарбай

Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Жантық

Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Сәбитжан

Ш.Айтматов «Ақ кеме» – Оразқұл

У.Шекспир «Гамлет» – Актер

У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Князь

С.Тұрғынбекұлы «Мұқағали» – Мұқағали

Ф.Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» – Ахмет Жұбанов

Дж.Патрик «Қымбатты Памела» – Сол Бозо

Ж.Алмашұлы «Бәйтерек басындағы кездесу» – Исатай

В.Дельмар «Баянсыз бақ» – Джордж

Е.Жуасбек «Үйлену» – Терек

Е.Жуасбек «Терең тамырлар» – «Қара ағаш»

Д.Рамазан «Кенесары – Күнімжан» – Қоңырқұлжа

Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Қалден Серен

А. Цагарели «Гамарджоба» – Акоп

Т. Джюдженоглу «Көшкін» – Отағасы

М. Фриш «Дон Жуанның думаны» – Дон Гансало

Э.Хушвақтов «Қызыл алма» – МММ

Қ.Жиенбай «Таңғажайып планета» – Молда

С.Балғабаев «Махаббат сиқыры» – Алпан Балпанович

Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы» – Әбділхан

Е.Шварц «Күлшеқыз» – Патша

Р.Отарбаев «Әміре» – Мұстафа Шоқай

Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Байтемір

Ұ.Есдәулет «Зере» – Кеңгірбай би

У.Шекспир «Отелло» – Әмір

Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Барақ

Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Барақ сұлтан

М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Маман

Ғ.Мүсірепов «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» – Қарабай

 

Қазақ  театрының  сахнасында  тұңғыш рет қазақтың ақиық ақыны  Мұқағали Мақатаевқа арналған драматург Серік Тұрғынбекұлының «Мұқағали»  поэтикалық  драмасындағы Мұқағали бейнесін Жанқалдыбек Төленбаев 15 жылдан астам уақыт бойы сахналап келеді. «Мұқағали» бейнесіндегі актер Жанқалдыбек Төленбаевтың сомдауында қалың көрерменнің зор ықыласына бөленіп, театр репертуарындағы көрермені көп, жоғары сұранысқа ие спектакльдердің бірі.

Қазақфильм киностудиясында жарық көрген фильмдерде сомдаған рөлдері: «Алмас қылыш» – жауынгер Зеңги, «Біржан сал» – Есаул Қалмақ;

«Мұқағалидың шындығы» атты деректі фильмде – Мұқағали бейнесі, Авторы: С.Жанболат, режиссері:С. Ибрайым. Астана телеарнасында: «Қатыш пен Тәтіш» әзіл-оспақ бағдарламасы – Қатыш әже, «Астана-думан» – Сықақшы;

Қырғызстан, Өзбекстан, Башқұртстан және тағы да басқа мемлекеттерге гастрольдік сапарларға шығу арқылы республикамыздың театр өнерін дамытуға зор үлес қосуда.

2012 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени ынтымақтастықты  нығайту  мақсатында Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі TIKA-ның және Нұр-Сұлтан қаласы Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры мен  Юнус Эмре Түрік мәдениет орталығының  бірлескен жобасының нәтижесінде 2012 жылы  қараша айының 10-16 жұлдызы аралығында Түркия  мемлекетінің  Стамбул, Анкара  қалаларына  түрік  тілінде тұңғыш рет ұсынылған  драматург Думан Рамазанның «Кенесары-Күнімжан» қойылымында актер Жанқалдыбек Төленбаев Қоңырқұлжа рөлін сомдады.

2019 жылы ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Жанқалдыбек Төленбаев пен Гүлбаршын Қылышбай тандемінде құрылған «Сахна» театрының «Сен екеуіміз» (Авт: Ж.Кұлмамбет; Реж: Д.Серғазин) спектаклі Қырғыз Республикасында өткен театр фестиваліне қатысып, «Қырғыз авторының шығармасын сахналаған Үздік шетелдік театр» номинациясы бойынша «ЭРГҮҮ-2019» ұлттық театр сыйлығын жеңіп алды.

2020 жылы мәдениет саласының дамуына қосқан ерекше үлесі мен елдің мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

2021 жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік және жеке театрлар шығармашылығына сараптама жүргізген сыншылардың зерттеу нәтижесінде республикамыздағы 56 театр ұжымы арасынан актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанқалдыбек Төленбаев «Бопай ханым» қойылымындағы Барақ сұлтан рөлі үшін Халықаралық театр сыншылары бірлестігі атынан «Сыншылар жүлдесінің» «Екінші пландағы жыл актері» номинациясына ие болды.