Купить билет
Шалқар  Бекарыс  Оспанғалиұлы

Шалқар Бекарыс Оспанғалиұлы 1998 жылы 24 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген.

2016-2020 жылдары Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының «Театр өнері» факультеті «драма театр және кино артисі» мамандығын оқып бітірді. Студент кезінде У.Шекспирдің «Дуалы түнгі думан» спектаклінде  Боттом, Ф.Достоевскийдің «Идиот» туындысында Фердыщинко, Б.Нұржекеевтің «Әй, дүние-ай» спектаклінде Қарға рөлдерін сомдады.

2021 жылдың сәуір айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері.

Театр сахнасындағы рөлдері: М.Әуезов «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы – Балпық, Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Көш, А.Менчелл «Күзгі іңір» трагикомедиясы («Сен маған керексің») – Аби, М.Сервантес «Дон Кихот» трагикомедиясы – Дон Кихот, Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Жақып, Э.Хушвақтов «Қызыл алма» лирикалық комедиясы – МММ, Ғ.Мүсірепов «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» – Қодар.

Кино саласындағы рөлдері: «Алтын сақа» балалар жобасы, «Тағдыр бекеті» – Бұзақы,«Кенже» – Әріптес, «Сау бол,Америка! Оралу» т/х – Қуантxан; «Bir toqsan» т/х – Джонни Реж: Дамир Тастанбеков 2019 ж; «Урок истории» т/с басты рөл Төлеген. Реж: Елена Лисасина; «Lovonter #birtoqsan» т/х – Джонни Реж: Анвар Матжанов; «Рауза» т/х – Музыкант, Реж: Самал Смагулова; «Әскерден xат», Реж: Мадина Алимxан; «Бөрі» т/х – Торчок; «Замандастар» т/х – Катала; «Мама» фильм , «Интихар» фильм, «Луч» – басты рөл.