Купить билет
Қайсанов Мейрам Иебекұлы

1966 жылы 1 мамыр күні Талдықорған облысы, Қапал ауданы, Көшкентал ауылында дүниеге келді.

1972-1982 жылдары Талдықорған қаласындағы №1 қазақ мектеп-интернатында білім алды.

1982-1984 жылдары М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық қазақ драма театрының жанындағы студияда режиссер Ә.Рахимов пен У.Сұлтанғазин сыныбынан дәріс алды.

1984-1986 жылдары Кеңес Армиясы қатарында Украина, Чехословакия жерінде әскери борышын өтеді.

1986-1990 жылдары Алматыдағы мемлекеттік  Театр және көркемсурет институтының «Театр және кино актері» мамандығын, профессор  Р.Қаныбаева, А.Ықсанов және Н.Жақыпбай шеберханасында оқыды.

1991-1993 жылдары Павлодардағы Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында қызмет атқарды.

1998 жылдан елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актерлік қызмет жасап келеді. Театрда қызмет жасаған жылдары Ташкент, Уфа, Германия, Ресей қалаларында гастролдік сапарларда болды.

2010 жылдың қыркүйек айында Тараз қаласында өткен Республикалық ХVIII Қазақстан театрларының фестивалінде Мейрам Қайсанов басты рөлді сомдайтын «Кеш» (режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов) драмасы Гран-При иеленді;

2011 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай  «Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

2014 жылы  Елбасының мемлекеттік стипендиясын иеленді.

 

Театр сахнасындағы рөлдері:

Ш.Айтматов «Ана–Жер–Ана» – Пошташы шал, Қасым

М.Әуезов «Еңлік – Кебек» – Есен

М.Әуезов «Қанды Азу» – Аңшы

М.Әуезов «Қара қыпшақ Қобыланды» –  Алшағыр

М.Әуезов «Қарагөз» – Тойсары

М.Әуезов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Таңсықбаев

М.Әуезов «Абай» – Мес,

М.Әуезов «Айман – Шолпан» – Көтібар

В.Дельмар «Баянсыз бақ» – Левицкий

Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» – Айдар

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Сырлыбай

У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Парис

У.Шекспир «Гамлет» – Гамлеттің әкесінің аруағы

М.Шаханов «Желтоқсан рухы» – Оқиға куәгері

С.Тұрғынбекұлы «Мұқағали» – Шал

Дж.Патрик «Қымбатты Памела» – Джо Янки

Ә.Сарай «Балуан Шолақ» – Кратковскиий

А.Чехов «Ваня ағай» – Астров

М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» – Есет

Б.Ұзақов «Жандауа» – Шал

Б.Ұзақов «Үміт» – Алқаш юрист

Е.Жуасбек «Үйлену» – Керек Әйтеуірұлы

Е.Жуасбек «Терең тамырлар»  – Қос ағаш,

А.Цагарели «Гамарджоба!» – Микич,

Т.Джюдженоглу «Көшкін» – Отағасы,

И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Франк,

Д.Рамазан «Кенесары – Күнімжан» – Горчаков,

М.Фриш «Дон-Жуанның думаны» – Дон Диего,

Ф.Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» – Құрманғазы,

Қ.Жүнісов «Махаббат мелодрамасы» – Айқын,

А.Дударев «Кеш» – Гастрит,

Ә. Нүрпейісов «Қан мен тер» – Сүйеу қарт,

І. Жансүгіров, С. Назарбек, Б. Беделхан «Махамбет» – Жәңгір хан,

М.Байжиев «Жекпе-жек» – Ескендір,

М.Байжиев «Тіл табысқандар» – Мұқамбет,

М.Әуезов, Қ. Ысқақ «Қараш-Қараш» – Николай Добродеевич,

А.Айларов «Сүрінген сүрбойдақ» – Темикко Монтагов,

К.Кизи «7+1» – Көсем Бромден,

Н.Гәнжәуи «Ләйлі-Мәжнүн» – Ләйлінің әкесі,

Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Жөгі,

Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Неплюев,

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Қожақын, Көш;

А.Менчелл «Күзгі іңір» («Сен маған керексің») – Сэм;

 

2020 жылы мәдениет және өнер саласына қосқан зор үлесі үшін меценат Б.Алтыбеков ұйымдастырған «Тұлға» премиясының «Актер Кеңес Нұрланов атындағы номинациямен» марапатталды.

2021 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

2021 жылы Қаллеки театрының 30 жылдығына орай өткен салтанатты шара  аясына ҚР Мәдениет және спорт министрі арнайы тағайындаған «30 жылдық мерейтой» медалімен марапатталды.

2021 жылы өр рух пен өнерді ұштастырып, Ұлы даланы қорғаған бес қаруды дәріптеген Т.Айтқожанов атындағы І Республикалық “Бес қару” сахналық өнер фестиваліне қатысып, Б.Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театрының директоры Сенкебаев Руслан мырзаның арнайы “Қолбасшы” атты Құрмет грамотасы мен  Т.Айтқожанов атындағы  қол шоқпарына ие болды.