1987 жылы 23 ақпанда Талдықорған облысы, Сарқан қаласында дүниеге келген.
2004-2008 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Қазақ Ұлттық Музыка академиясында «Актер өнері» мамандығы бойынша білім алды.
2005 жылы қыркүйек айында Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына драма әртісі қызметіне орналасты. Академияда оқып жүріп театр спектакльдеріне қатысып жүрді.
2006 жылы У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» спектаклінде Джульетта рөлін сомдап, көрермен көзайымына айналды.
2012 жылы Халықаралық театр күні мерекесі аясында «Ш.Мұқышева атындағы» арнайы сыйлық иегері атанды.
2013 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Алғыс хатымен марапатталды.
2017 жылы 27 наурыз Халықаралық театр күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімнің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Театр сахнасындағы рөлдері:
У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Джульетта
Э.Хушвахтов «Қызыл алма» – Рушанна
«Құпиясөз» ертегі – Алма
Б.Ұзақов «Алдардың айласы»-Жылан
Т. Джюженоглу «Көшкін» -Келіншек
Е.Жуасбек «Үйлену»-Зерек, Желек
А.Цагарели «Гамарджоба» – Сона
М.Әуезов «Абай» – Мағыш
М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Айман
Ж.М.Шевре «Ізгілік формуласы» – Кристина
О.Бөкей «Құлыным менің» – Анар
И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Лотта
Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай» – Нұрсұлу
А.Вальехо «Күн сәулесі түспеген» – Энкарна
Ә.Тарази «Үкілі жұлдыз» – Си
Ж.Ерғалиев «Есігімді қаққан кім?» – Гүлнұр
Р.Отарбаев «Әміре» – Француз келіншегі
Халық ертегісі «Ер Төстік» – Кірпі
Ұ.Есдәулет «Зере» – Ұлжан
К.Кизи «7+1» – Сандра
У.Шекспир «Отелло» – Бианка
Э.Шмитт «Хат» – Н’Да