1979 жылы 4 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.
1999 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік кино және театр
институтының актер бөлімін бітіріп, Қазақстанның Халық Қаһарманы Ә.Мамбетовтің шақыртуымен елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына қызметке келді.
Театр сахнасындағы рөлдері:
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Бекежан
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» – Қозы
М.Әуезов «Қарагөз» – Сырым
М.Әуезов «Еңлік Кебек» – Кебек
Қ.Байсейтов, Қ.Шаңғытбаев «Беу, қыздар-ай» – Серке
Ж.Файзи «Башмағым» – Ізкесуші
У.Гаджибеков «Аршын мал алан» – Сүлеймен
Ж.Мольер «Скапеннің айласы» – Карл
Ж.Әлмәшұлы «Бәйтерек басындағы кездесу» – Абылайхан
У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Ромео
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Нүктебек
Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Мәңгүрт
С.Тұрғынбекұлы «Мұқағали» – Жазушылар одағының хатшысы
Дж. Патрик «Қымбатты Памелла» – Брэд
Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Кубик
Э.Хушвақтов «Қызыл алма» – Аббас
М.Әуезов «Абай» – Абай
Е.Жуасбек «Үйлену» – Бөлек
М.Әуезов «Айман – Шолпан» – Арыстан
Е.Жуасбек «Сен үшін» – Еркек
Д.Рамазан «Кенесары – Күнімжан» – Кенесары
М.Фриш «Дон Жуанның думаны» – Дон Жуан
Е.Жуасбек «Терең тамырлар» – Көмекші
У.Шекспир «Гамлет» – Гамлет
Ш.Мұртаза «Бір кем дүние» – Абадан
А.Вальехо «Күн сәулесі түспеген» – Висенто
Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Абылай хан
Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна Д’Арк» – Лаэр
Қ.Жүнісов «Сәкен-Сұңқар» – Сәкен
В.Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Гура
С.Мұқанов, Ш.Уәлиханов «Шоқан» – Гасфорт
М.Әуезов «Қараш-Қараш» – Жарасбай
О.Жанайдаров «ЖҰТ» – Ербол
Ш.Айтматов Аққудың көз жасы…» – Раймалы
А.Чехов «ШИЕ» – Ескен
Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Байтемір
Ұ.Есдәулет «Зере» – Құнанбай
У.Шекспир «Отелло» – Отелло
Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Барақ
Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Әбілқайыр хан
Марапаттары:
2001 жылы бірінші Республикалық театр блиц-мини комедия
фестивалінің дипломымен марапатталды.
2006 жылы ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының
лауреаты атанды.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына
арналған Ұлттық театрлардың республикалық фестивалінде Д.Рамазанның “Кенесары – Күнімжан” драмасындағы Кенесары образын сомдап – “Ең үздік ер адам бейнесі үшін” номинациясын жеңіп алды.
2011 жылы Қаллеки театрының ұжымы өткізген «Өз актеріңді таны!»
акциясы барысында көрермендердің таңдауымен «Үздік актер» атанды.
2015 жылы ҚР Президентінің атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының «ҚҰРМЕТ» грамотасымен марапатталды. Бұл сый Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді.
2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында “Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл” мерекелік медалімен марапатталды.
2017 жылы Мәдениет және өнер саласындағы жоғары жетістіктері үшін
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының иегері атанды.
2017 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті
атағы берілді.
Халықаралық «Азия дауысы», Республикалық «Жас қанат» сынды
фестивальдерінің тұрақты жүргізушісі болды.
Хабар арнасындағы «Орталық Хабар» бағдарламасының жүргізушісі;
«EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми ашылуына арналған салтанатты кеш жүргізушісі;
2019 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
2021 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.
Қазақ кино өнеріндегі еңбектері: Отандық «Ұлжан» \мелодрама\ телехикаясы – Сапар; (2003 ж, Режиссері: Серікбол Өтепбергенов), «Сырғалым» \драма\ телехикаясы – Бақтияр; (2014 ж, Режиссері: Дмитрий Коробкин, Рашид Сулейменов), «Арнайы өкілдер» (2015 ж, Режиссері: Серік Смағұл) «Қызыл алма» телехикаяларында басты рөлді сомдады.
Үлкен экрандарға жол тартатын көптеген телефильмдер мен шетелдік фильмдерді қазақ тілінде дубляждау жұмысымен айналысады.
Сырым Қашқабаев – бүгінгі таңда қазақ театры мен кино өнеріндегі
жоғары сұранысқа ие актер.