1958 жылы 7 тамызда Семей облысы, Аягөз ауданында дүниеге келген.
1977-1971 жылдары Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының актер бөлімін КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік Сыйлықтың иегері, профессор Хадиша Бөкееваның сыныбынан бітірген.
1981-1983 жылдары Алматы Мемлекеттік Балалар мен Жасөспірімдер театрында жұмыс істеді.
1985-1999 жылдары Қарағанды облыстық С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында жұмыс істеді.
1993 жылдан бастап Қ.Байжанов атындағы филармонияның концерттерін жүргізді. Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптар оркестрімен алыс-жақын шет елдерде болып, халқымыздың дәстүрлі музыкаларын таныту жолында еңбек етті.
Күлия Иманғазықызы Қарағанды қаласындағы мәдени іс-шараларға ат салысып, шеберлік деңгейін ұштастыра білді.
1999 жылдың күзінен бастап елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында жұмыс істейді.
2004 жылы актрисаның еңбегі бағаланып, «Қазақстанның еңбең сіңірген қайраткері» атағы берілді.
2017 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан Алғыс хатпен марапатталды.
2022 жылы «Қаллеки тынысы» атты премьералар апталығы аясында А.Менчелл «Күзгі іңір» \реж: Ұ.Қарыпбаев\ ида рөлі үшін Күлия Қожахметова Қадыр Жетпісбаев атындағы «Сахна саңлағы» номинациясымен марапатталды.
Театр сахнасындағы рөлдері:
Ш.Айтматов «Ақ кеме» – Бала
О.Бөкей «Құлыным менің» – Анар
О.Бөкей «Жетім бота» – Бота
Т.Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» – Зайра
Ә.Тауасаров «Махаббат аралы» – Айна
Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» – Әлия
М.Әуезов «Қорғансыздың күні» – Дүйсеннің әйелі
М.Әуезов «Қарагөз» – Үш әйел
Б.Римова «Абай-Әйгерім» – Салтанат
С.Балғабаев «Біз де ғашық болғанбыз» – Айжан
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Дүрия
Ф.Буляков «Күйеуге шыққан кемпірлер» – Фатима
Ж.Файзи «Башмағым» – Жиһан
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Башорат
С.Тұрғынбекұлы «Мұқағали» – Лашын
Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Биғайша
А.Цагарели «Гамарджоба!» – Ануш
Т.Джюдженоглу «Көшкін» – Кіндік шеше
А.Дударев «Кеш» – Ганна
Б.Минору «Әзәзіл» – Бірінші әйел
Қ.Байсейітов, Қ.Шаңғытбаев «Қыздар-ай» – Сақшы
Ә.Тарази «Үкілі жұлдыз» – Би
М.Байжиев «Тіл табысқандар» – Болдуқан
Ж.Ерғалиев «Есігімді қаққан кім?» – Рәзия
Е.Шварц «Күлшеқыз» – Өгей шеше
А.Менчелл «Күзгі іңір» («Сен маған керексің») – Ида