Купить билет
Қылышбай Гүлбаршын Рәшкенқызы

1959 жылы 26 сәуір күні Ақмола облысы, Ақкөл ауданында дүниеге келді.

1976 жылы  орта мектепті бітіріп (Көкшетау облысы, Қызылтау ауданы), Алматы  қаласында М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының жанындағы екі жылдық театр студиясын бітіріп, Талдықорған қаласының қазақ драма театрында 1 жыл еңбек етті.

1979-1981 жылдары М.Әуезов атындағы академиялдық қазақ драма театрында қызмет атқарды.

1989 жылы Мәскеу қаласында, 1991 жылы Рига қаласында кәсіптік біліктілігін арттырды.

1995-1998 жылдары Алматы қаласы Т.Жүргенов атындағы өнер институтын сырттай бітірді.

1999 жылы Каирде өткен халықаралық театрлар фестивалінде өнер көрсетті.

1982-2003 жылдары Ж.Шанин атындағы Шымкент қазақ драма театрында қызмет істеді.

2004 жылдан бастап елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында жұмыс  атқарып келеді.

Театр сахнасындағы рөлдері:

Қ.Бекхожин «Ұлан асу» – Айтолқын

Ә.Әбішев  «Мәди» – Келбет

Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» – Баян

Н.Островский «Найзағай» – Катерина

М.Әуезов «Қарагөз» – Мөржан

М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» – Қарлыға

Ш.Айтматов «Ана–Жер–Ана» – Әлиман,Толғанай

Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Айзада

С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Гүлбаршын

В.Дельмар «Баянсыз бақ» – Анита

Мольер «Скапеннің айласы» – Зербинетта

У.Шекспир «Ромео – Джульетта» – Леди Капулетти

Б.Ұзақов «Жандауа» – Ана

С.Тұрғынбекұлы «Мұқағали» – Лашын

А.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» – Бану

Е.Жуасбек «Үйлену» – Мерек

Е.Жуасбек «Антивирус» – Зульфия

М.Ғаппаров, Ғ.Ғаппарова   «Қуыршақ немесе қызғаншақ қыздардың кеші» – Еркеайым

Ә.Тауасаров «Махаббат аралы» – Айна

Б.Римова «Абай – Әйгерім» – Салтанат

Э.Хушвақтов «Қызыл алма» – Әже

Т.Джюдженоглу «Көшкін» – Әйел

И.Сапарбаев «Ресторан»  – Гүлдана

Ә.Әбішев «Бәріңе,бәріңе» – Әсем

Ф.Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» – Дина Нұрпейісова  Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы…» – Салиха апа

А.Айларов «Сүрінген сүрбойдақ» – Дзерасса

халық ертегісі «Ер Төстік» – Ертекші

А.Менчелл «Күзгі іңір» («Сен маған керексің») – Ида

 

Марапаттары: 2004 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

2012 жылы Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығы қарсаңында актрисаға «Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

2017 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері мерекесіне орай, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

2019 жылы ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлбаршын Қылышбай  және Жанқалдыбек Төленбаевтың тандемінде құрылған «Сахна» театрының «Сен екеуміз» (Авт: Ж.Құлмамбет; Реж: Д.Серғазин) спектаклі Қырғыз Республикасында өткен театр фестиваліне қатысып, «Қырғыз авторының шығармасын сахналаған Үздік шетелдік театр» номинациясы бойынша «ЭРГҮҮ-2019» ұлттық театр сыйлығын жеңіп алды.

2021 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

Фильмдегі рөлдері: «Астана – махаббат мекені» – Ана рөлі, «Өмір сабақтары» – Ана.