Ұзақов Болат Қасымжанұлы – режиссер, актер және драматург
Ұзақов Болат Қасымжанұлы 1962 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы, Масақ ауылында дүниеге келген.
1997 жылы Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына режиссер қызметіне арнайы шақырумен келген.
1980-84 жылдары Алматы Мемлекеттік театр-көркемсурет институтының театры факультетін халық артисі А.Тоқпановтың және халық артистері Ы.Ноғайбаев пен Ф.Шәріпованың шеберханасын «Кино және театр актері» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1994-97 жылдары Т. Жүргенов атындағы Өнер Академиясының «Драма режиссері» мамандығын халық артисі М.Байсеркенов пен Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері С.Асылхановтан бітірді.
Актерлық жұмысы: 1984-97 жылдары Талдықорған облыстық Б.Римова атындағы қазақ драма театры сахнасында 40-қа жуық кейіпкер сомдап, театрдың белді актері болды. Ойнаған образдары арқылы өзінің сахнада ойлай білетін, жан-жақты шебер актер екенін танытты. Сахнагер ретінде еңбегі бағаланып, көптеген фестивальдерден жүлделі орындар мен мақтау грамоталарына және бағалы сыйлықтарға ие болды.
М. Әуезов «Еңлік Кебек» – Кебек
М. Әуезов «Хан Кене» – Наурызбай
М. Әуезов «Түнгі сарын» – Жүніс
У. Шекспир «Асауға тұсау» – Транио
М. Кәрім «Ай тұтылған түн» – Ақжігіт
А Макаенок « Пұшайман болған әулие» – Әулие
Д. Исабеков – «Әкпе» – Тимур
К. Әбдірахманов «Қара керей Қабанбай», Әлі
А. Сүлейменов «Қыздай жесір» – Дәріс
С. Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда», Есімсейіт
І. Жансүгіров «Күйші» – Күйші
Б.Жакиев. «Әке тағдыры»- Жеңісбек.
Режиссерлық жұмысы: 1990 жылдардан актерлікпен қатар режиссерлік жұмыспен де айналыса бастады.
І. Жансүгіров «Күйші»
М. Әуезов «Қанды азу»
М. Әуезов «Қара қыпшақ Қобланды» – эпикалық драма;
М. Әуезов «Еңлік –Кебек – трагедия;
Т.Ахтанов. «Күшік күйеу» – комедия;
А. Сейдімбеков «Қош бол ардағым» – драма;
Т. Әбдіков «Біз үшеу едік» – драма;
Е.Аманшаев. «Үзілген бесік жыры» – трагикомеди
Е.Аманшаев. «Қыр астындағы ғажайып әлем»
Б. Ұзақов «Үміт»- драма;
М.Ақынжанов. «Алтын сақа»
М.Ахманов. «Алдардың айласы»
Ф. Буляков «Күйеуге шыққан кемпірлер» – комедия;
С. Тұрғынбеков « Мұқағали» – поэтикалық драма.
А. Дударев «Кеш» драма.
Б.Ұзақов. «Жандауа» – психологиялық драма
Қ.Жүнісов. «Махаббат мелодрамасы»
Е.Жуасбек. «Антивирус» /комедия/
Д. Рамазан. «Кенесары-Күнімжан»/тарихи драма/
У.Шекспир. «Гамлет» т.б
Ш.Мұртаза «Бір кем дүние» /драма/
Қ.Жиенбай «Таңғажайып планета» /комедия/
Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» /тарихи драма/
С.Балғабаев «Махаббат сиқыры» /музыкалық комедия/
М.Байжиев «Тіл табысқандар» /музыкалық комедия/
Драматургиясы
«Үміт» -драма;
«Шырша тойы» -ертегі;
«Қалқанның талқаны» – комедия;
«Жандауа» – психологиялық драма;
«Жаңа жылдың шытырман оқиғасы» – ертегі;
А.Сейдімбеков «Күзеуде» – инсценировка;
Б.Васильев «Завтра была война»- инценировка;
Ш.Мұртаза «Текебұрқақ»- инценировка.
Болат Ұзақов – Мерекелік шаралар мен ресми кештердің режиссері ретінде Астана қаласының мәдени өмірінің өркендеуіне үлкен үлесін қосып келеді.
1997 ж. Қазақстан Республикасының рәміздерінің Ақмола қаласына көшіп келу салтанаты – қоюшы режиссер.
1998 ж. 10 маусымнан бастап, Астана күніне арналған жыл сайынғы «Этно-ауыл» бағдарламасының сценаристі және бас режиссері.
1998 ж. Астана қаласындағы алғашқы ақындар айтысының режиссері.
1999 ж. Астана қаласының 1 жылдық мерей тойының қоюшы режиссері.
1999 жылдан бастап Астанадағы Наурыз мерекесінің режиссері.
2001 жылдан бастап «Наурызнама» қойылымының бас режиссері.
2001 ж. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған «Ғасырлар үні»
қойылымының сценаристі және бас режиссері.
2003 -2012 ж.ж. «Президент шыршасы» мерекесінің бас режиссері.
Елордамызда өткен ақын – жазушылардың, қоғам қайраткерлері мерейтойларының сценарисі және режиссері. Соның ішінде: Алаш ардақтыларынан бастап С. Сейфуллиннің, С.Мұқанов, Ж.Жабаев, А.Машани, Н.Оңдасынов, Т. Айбергеновтың, И.Есенберлиннің, М.Мақатаевтың, Ш.Қалдыаяқовтың, Ш.Мұртазаның, Ф. Оңғарсынованың, Қ.Салғариннің, қырғыз ақыны А.Рысқұловтың, А. Сейдімбековтың, Т. Әбдіковтың, Х. Ерғалиевтің т.б. кештері. Республикалық О. Бөкей атындағы «Көркемсөз оқу» шеберлерінің алғашқы және одан кейінгі жылдардағы конкурстарының сценарисі және режиссері.
Қазақ Ұлттық Музыка академиясы «Актерлік өнер» факультетінде «актер шеберлігі» және «сахна тілі» пәндерінен дәріс берді.
Жетістіктері:
1994 жылы – І. Жансүгіров «Күйші» спектаклі – «Матай» қоры ұйымдастырған республикалық фестивальдің бас жүлдесін иеленді.
1998 жылы – М. Әуезов «Қанды азу» – Дүниежүзілік Театр фестиваліне жолдама ұтып алды.
1999 жылы – Қайыр қ-сы, Дүниежүзілік экспериментальдық спектакльдер фестивалінде – М. Әуезов «Қанды азу».
2000 жылы – Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен марапатталды.
2005 жылы – Республикалық фестиваль «Үзілген бесік жыры» – Үздік ер адам ролі – Қ.Қыстықбаев, А. Аймағамбетова – үздік эпизод әйел ролі. Режиссері – Болат Ұзақов.
2006 жылы – Астана қаласы меценаттар клубы тағайындаған жүлде бойынша «Үздік режиссер» номинациясымен «Керемет» сыйлығын иеленді;
2007 жылы – Астана қаласы бойынша ұйымдастырылған фестивальде
Т.Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясымен – «Жылдың ең үздік режиссері» номинациясын жеңіп алды.
2009 жылы – «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» – құрметті атағы берілді.
2010 жылы – Тараз қаласында өткен Қазақстан театрларының XVIII республикалық фестивалінде А.Дударевтің «Кеш» драмасы Гран-при бас жүлдені жеңіп алды. Режиссері – Б.Ұзақов
2011 жылы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Ұлттық театрлардың республикалық фестивалінде «Кенесары-Күнімжан» – «Үздік ер адам» ролі – Сырым Қашқабаев. Режиссері – Б.Ұзақов
2011 жылы – Қазақстан театрларының XIX республикалық фестивалінде «Антивирус» – «Үздік әйел» ролі – Т.Атымтаева. Режиссері – Б.Ұзақов
2011 жылы – «Тәуелсіздікке 20-жыл» – медалінің иегері.
2012 жылы – Орталық Азия мемлекеттерінің IV Халықаралық Театрлар фестивалінде «Гамлет» – «Үздік ер адам» ролі-Н.Өтеуілов. Режиссері – Б. Ұзақов.
– 2012 жылы Түркия Мемлекетінің Ыстамбұл, Анкара қалаларында Д. Рамазанның «Кенесары-Күнімжан» драмасын түрік тілінде сахналап қайтты. Қоюшы режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Б. Ұзақов;
– 2013 жылы Ақтөбе қаласында Қазақстанның Халық жазушысы, драматург – Т. Ахтановтың 90 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXI Республикалық фестиваліне Ш. Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасымен қатысып «Ең үздік актерлік ансамбль» номинациясын иеленіп оралды. Қоюшы режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Б. Ұзақов;
2013 жылы Мемлекеттік стипендия иегері болды.
2014 жылдан Астана қаласы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры.