Купить билет
Cұлтанғазы Бәзіл Абайбекұлы

1998 жылы 2 қаңтар күні Алматы облысы Панфилов ауданында дүниеге келді.

2004-2012 жылдары аралығында Ж.Сыдықов атындағы орта мектепте білім алды.

2015-2019 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультеті Г.Б.Аманжанова, К.Адылов шеберханасында «Актер» мамандығы бойынша  білім алды.

Студенттік шақта ойнаған рөлдері:

– М.Әуезов «Қарагөз» – Сырым;

– А.П.Чехов «Аю» –  Смирнов;

– Ағайынды Гримм «Бремендік музыканттар» – Сақшы;

– Б.Брехт «Сычуаньнан шыққан мейірімді адам» – Эксперимент;

– Н.Гоголь «Өлі жандар» – Собакевич;

 

2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері;

2020 жылы 15-16 шілде күндері «Актерлік шеберлік.Пьеса және рөл талдау. А.П.Чехов драматургиясы»  тақырыбында 16 сағаттық оқуға қатысты.  (Ресей театр өнері институты – ГИТИС)

2021 жылы Qalleki театр лабораториясының ашылуына орай сахналанған О.Бөкей «Ұйқым келмейді» спектаклінің режиссері.

2022 жылы жас актер Бәзіл Сұлтанғызының режиссерлігімен сахналанған О.Бөкейдің «Ұйқым келмейді» драмасы V Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестиваліне шақырту алып, театр сарапшыларының назарына ұсынылды. Фестиваль нәтижесі бойынша жас режиссер Б.Сұлтанғазы «Қадыр Рахымбайұлы Жетпісбай» атындағы арнайы жүлдемен марапатталды.

Театр сахнасындағы рөлдері:

  • Т.Теменов «Ақ жауын» /А.Вампиловтың «Тұңғыш ұл» пьесасына фантазия/ – Рамазан; Режиссері – Қазақстанның Халық артисі Т.Теменов;
  • М.Әуезов «Абай» /трагедия/ – Мағауия; Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.
  • Т.Әсемқұлов «Құнанбай» /драма/ – Жас Құнанбай; Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов;
  • Р.Мұқанова «Бопай ханым» /тарихи трагедия/ – Нұрәлі хан; Режиссері – Жұлдызбек Жұманбай.
  • М.Әуезов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ – Арыстан тобында;

Режиссері: О.Жақыпбек, Ш.Мұстафина

  • Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Көш;

Режиссері: Ф.Молдағали

  • М.Сервантес «Дон Кихот» /трагикомедия/ – Дон Кихот;

Режиссері: Ә.Өмірбекұлы

 

Дубляж саласындағы рөлдері:

  • Disney/Pixar студиясының «Алға»

(Onward) анимациялық фильмі – Барли;