ЖЕҢІС РУХЫ»
симфониялық оркестрдің концерті
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының симфониялық оркестрі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, «Жеңіс рухы» атты концертін ұсынады. Бас дирижер – «Мәдениет саласының үздігі» Ерлан Бейсембаев. Концерт барысында ерлік пен отансүйгіштікті арқау еткен әлемдік және ұлттық классиканың таңдаулы туындылары орындалады.