Билет сатып алу
Театр әдебі

Театр әдебінің  талабы:

Қадірлі көрермен! Сіздерге Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрындағы этикет пен  мінез-құлықтың негізгі  қағидасын ұсынады:

  • 12 жасқа толмаған көрермен кешкі қойылымға кіргізілмейді! / Билет сатып алу барысында қойылымда бекітілген жас ерекшелігін ескеруіңізді сұраймыз/
  • Сырт киіміңізді гардеробқа өткізіп, спектакльдің бағдарламасымен танысып, өзіңізге тиесілі орынға уақытында отырғыңыз келсе, театрға спектакль басталғанға дейін кем дегенде 15-20 минут ертерек келгеніңіз абзал. Кешігіп келген жағдайда сіз өзге көрермендерге кедергі келтіріп қана қоймай, өзіңізге тиесілі орынға емес, бақылаушылар көрсеткен орынға отыруыңызға тура келеді. Антракт кезінде, өз орныңызға ауыса аласыз.
  • Көрермен залына сырт киіммен, азық-түлік және түрлі сусындармен кіруге болмайды.
  • Үшінші қоңыраудан кейін көрермен залына кіруге тыйым салынады. Қойылым уақытына кешігіп келген көрерменнің билет орны сақталмайды және сатып алынған билеттің құны қайтарылмайды.
  • Қойылым барысында фото, бейне түсірілімдер жасауға тыйым салынады. Қойылым басталғанға дейін ұялы телефон және басқа да шуы бар құрылғыларды сөндіріп қою қажет.
  • Театр әкімшілігі репертуардағы спектакльдердің күні мен уақытын өзгертуге құқылы.
  • Қойылым кезінде залдан шығып кету – көрермен мәдениетінің төмендігінің білдіреді. Спектакльден көңіліңіз қалса да, үзіліске дейін күтіңіз, содан кейін ғана залдан шығып кетуге рұқсат.
  • Қойылым ортасында –  тыныштықты бұзуға, ысқыру, айғайлау, аяқ қағуға, шамадан тыс қол шапалақтауға болмайды.
  • Қандай ауыр күн болса да, қойылым кезінде ұйықтап отыруға болмайды.      Құрметпен, Театр әкімшілігі