Билет сатып алу
ProductS

Жошы хан

Афиша туралы ақпарат:

Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (Қалибек Қуанышбаев көшесі 8/1)

Күні мен уақыты: 07.02.2024  –  19:00

 

Сипаттама:

«Қай күні алқымыма азуын салар екен деген алаңмен күнің өтер… Бәрін бір қалыпқа саламын деп жүргенде түркі баласы өзі жұтылып, өзегінен айырылып қалмай ма? Көп қорқытады, терең батырады… Сонда түркі баласының қара шаңырағы қайда қалады? Кім ие болады? Заманнан заман өтер, лек легімен ұрпақ келер… Сонда солардың бізге айтары алғыс бола ма? Қарғыс бола ма?»

Жошы хан Ұлы дала кіндігі Ұлытауда Жошы ұлысының ордасын тіккен хан, Шыңғыс қағанның үлкен ұлы. Түркі баласын бір тудың астына жинап, артынан ерген елдің тыныштығы мен біртұтастығын ойлаған оғлан.

Шыңғыс ханнан кейін қаны түркі баласына бір шаңырақтың астына бас қосқызып, бір қазаннан дәм татқызған, тағдырын бір қазыққа байлаған Жошы өмірі – елдің елдігін, ділдің бастауын көрсететін құндылық.

Билет Сатып алу


Басқа афиша туралы ақпарат:

КЕШКІ 7 16.04.2024
ШАБЫТ 01.06.2024
ҮЙЛЕНУ 02.06.2024