Билет сатып алу
ProductS

ТІЛ ТАБЫСҚАНДАР

Афиша туралы ақпарат:

Қоюшы режиссері      –        Болат Ұзақов

Қоюшы суретшісі       –        Берік Бурбаев

Хореограф                  –        Салтанат  Сұңғат

Музыкамен көркемдеуші –  Қайрат Тоқымбетов

Әндердің сөзін жазған–       Қанат Жүнісов

Дыбыс операторы      –        Гүлнафис Әминова

Режиссердің ассистенті –     Айнұр Бермұхамбетова

Режиссердің көмекшісі –     Гүлзейнеп Әлкенова

 

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

БОЛДЫХАН                        Жанат Чайкина

Күлия Қожахметова

АСҚАР АҚМОЛТАЕВ        Руслан Алишев

Әнуар Бектас

МҰХАМБЕТ СЫЙҚЫМБАЕВ   Мейрам Қайсанов

СҮЙІМХАН                          Айнұр Бермұхамбетова

Ботагөз Мақсұтова

ДЕЗДЕМОНА                       Алтынгүл Серкебаева

Амира Омарова

Оқиға – Астана қаласында тұратын  зиялы отбасының тағдырын суреттейді. Астана төріндегі жоғары оқу орнының бірінде профессорлық қызмет атқаратын Мұхамбет  пен  жары Сүйімханның  Дездемона атты қыздары болады. Бар мәселе – Дездемонаның қазақша бір сөз білмеуінде. Күндердің күнінде Мұхамбет пен Сүйімхан шетелге демалуға бармақшы болып, Дездемонаны кіммен қалдырарын білмей, бастары қатады. Бақытқа орай, сол  кезде  ауылдан көптен күткен  Болдуқан әпкелері келіп қалады. Дегенмен мәселе шешіле қоймайды, себебі Дездемона  – қазақша, ал әпкесі орыс­ша білмейді. Осы сәтте ата-аналары екеуіне тілмәш жалдауға бел буады. Тығырықтан шығудың жолы осы…

«Тіл табысқандар» қойылымы тек қана тіл мәселесін ғана емес, қазақ жұртының алтын бесік – ауыл өмірінен алшақтап жатқанын көксегенін айтады.

Билет Сатып алу


Басқа афиша туралы ақпарат:

КЕШКІ 7 16.04.2024
ШАБЫТ 01.06.2024
ҮЙЛЕНУ 02.06.2024