«БАЛА МЕРГЕН»
Афиша туралы ақпарат:
Жанр: ертегі
Антракт: жоқ
Шығармашылық құрам:
Авторы: Қ. Жетпісбаев
Қоюшы режиссер: Нұрфат Вахитов
Қоюшы суретші: Берік Бурбаев
Киім үлгісінің суретшісі: Берік Бурбаев
Дыбыс операторы: Гүлнафис Әминова
Дыбыс редакторы: Қайрат Тоқымбетов
Хореограф: Асан Боранчиев
Режиссердің ассистенті: Әнуар Бектас
Режиссердің көмекшісі: Әлия Дәуітова
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Бала мерген Әнуар Бектас
Қайыржан Садықов
Аққанат Егубаева Динара
Айдана Әбенова
Ақбалдақ Бақытгүл Батырханова
Айман Карпсейтова
Мыстан кемпір Айнұр Жетпісбаева
Қабыл /тыңшы/ Бейбарыс Орман
Ақжол Мамыр
Дабыл /балуан/ Бекарыс Шалқар
Жәнібек Мұсаев
Төртқұлақ хан Нұрсұлтан Есен
Ерғұлан Жанпейісов
Бас уәзір Аманжол Молдахмет
Самат Байыров
Өгіз балуан Ерсін Айтмұқаш
Шах-Мұрат Ордабаев
Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты
Жендеттер Қобыланды Болат
Нұрхан Қосанов
Бәзіл Сұлтанғазы
Марғұлан Нәменов
Заңғар Әбенов
Көк мойын құс Ситора Анварова
Амира Омарова
Баскесер Нұрхан Қосанов
Егескенде езуіңді тілетін,
Қоян алған сонарда
Бүркіттейін бүретін
Бала мерген…
Бас қаһарман Бала мерген – жақсылықты ту еткен, айлалы ер, жігерлі батыр. Мыстан қулықпен қолға түсірген құрбысы Аққанатты құтқару жолында ол түрлі қиын жағдайларға кезігіп, нағыз ержүрек, елі үшін тайсалмайтын мықты күрескер ретінде танылады. Жау ордасына еркін еніп, ерлік көрсеткен Бала мерген қандай кедергілерге тап болды? Жолшыбай жолыққан достарымен бірге ол бейбіт күнді орната алды ма?
Ұлттық құндылығымыз ақ өлеңнің құдіретін паш етіп, қызыл тілдің майын тамызған Қ.Жетпісбаевтың «Бала мерген» ертегісі жаңа өскін балауса буынның сана-сезімін оятып, патриоттық сенімін қалыптастырып, қиял көкжиегін кеңейтеді, адамгершілікке баулиды.
Басқа афиша туралы ақпарат: