Билет сатып алу
ProductS

ТЫҢДА симфониялық кеш

Афиша туралы ақпарат:

Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (Қалибек Қуанышбаев көшесі 8/1)

Күні мен уақыты: 14.02.2024  –  19:00

 

Сипаттама: 

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының симфониялық оркестрі «Тыңда» симфониялық кешін ұсынады. Бас дирижер – Мәдениет саласының үздігі Ерлан Бейсембаев.

Кеште оркестрдің сүйемелдеуімен Құрманғазының, Шәмші Қалдаяқовтың музыкалық туындылары, А.Зацепин «Тыңда», Е.Кокеев «Сен», АБК тобының «Тамшылар», ABBA «Gimme! Gimme! Gimme!», Celine Dion «A song for you», JCS «Жизнь была бы сказкой», JCS «Мен сені сүйемін», Cher «Strong enough», А-студио тобының «Я искала тебя» және Батырхан Шүкеновтың әндерінен попурри орындалады.

Солисттер – халықаралық байқаулардың лауреаты Анель Исина, Әлібек Саликов, театр артистері Ақжан Құрмашева, Біржан Жүнісов.

Билет Сатып алу


Басқа афиша туралы ақпарат: