Кейіпкерлер мен орындаушылар:
ШӘМШІ | Нұркен Өтеуіл
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қобыланды Болат |
МУЗА |
Маржаннұр Макибаева |
ЖЕКЕ ДАУЫСТА: |
Шах-Мұрат Ордабаев
Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Гауһар Жүсіпова «Мәдениет саласының үздігі» Жасұлан Ерболат ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты Бибарыс Орман |
БАС СҮЙЕМЕЛДЕУШІ АНСАМБЛЬ МҮШЕЛЕРІ: |
Олжас Жақыпбек
Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Ақылбек Әнуар Балжан Канажанова Сұлтан Тұрсынбеков Қуаныш Рахмет |
Көпшілік сахнада театр артистері
* Спектакльде Шәмші Қалдаяқовтың«Ақ маңдайлым», «Қайықта», «Кешікпей келем деп ең…», «Бақыт құшағында», «Сыған серенадасы», «Ана туралы жыр», «Теріскей», «Менің Қазақстаным» (Әнұран) әндері мен Естайдың «Құсни-Қорлан»,А.Жұмашевтың «Аққу дастан» әндері орындалады.
* Мұқағали Мақатаевтың «Жазылар естеліктер мен туралы»,
Қалқаман Сариннің «Мінәжат-монолог», «Көп қарғаның аңдығаны – өлексе» өлеңдері оқылады.
«Вальс королі» атанған ұлы композитор қиялы нені аңсады, жаны неден күйзелді, неге құстай талпынды?! Айтулы ақын Серік Тұрғынбекұлы «Шәмші» атты туындысын текті туған дара дарынның ешкімге ұқсамайтын тылсым табиғатына үңілуге, жан сарайының психологиялық иірімдеріне мән беруге ұмтылған. Шынайы талант иесі қашанда қорғансыз, тіршілікке икемсіз екен.
Шәмші деген төгілген ән-әуен ғой. Спектакль сарыны Шәмші әндері арқылы ашылады.
Спектакльдің премьерасы 2017 жылы 1,2,3 желтоқсан күндері өтті.