Билет сатып алу
ProductS

«ӘЙЕЛ ҚҰПИЯСЫ»

Афиша туралы ақпарат:

Қоюшы суретші: Ерлан Тұяқов

Композитор: Қайрат Тоқымбетов

Актерлік құрам: Ж.Чайкина, А.Нөгербек, К.Нұрланов, С.Қашқабаев, А.Молдахмет, С.Байыров, З.Карина, Б.Батырханова, Д.Егубаева, С.Сағынова т.б.

Жанр: лирикалық драма

Ұзақтығы: 1 сағ 30 мин

Жас ерекшелігі: 12+

 

Аннотация:

Бұл спектакльде біздің қоғам үшін өзектілігі басым тұрған тастанды, жетім балалар және жалғыз басты аналар тақырыбы қозғалады. Яғни, таңдап отырған спектакльде бүгінгі қоғамдағы өзекті тақырып қамтылған. Қай заманда болса да ел болашағы өскелең ұрпаққа тікелей байланысты екені анық. «Тәрбие – тал бесіктен», – дейді халқымыз. Сол ұрпақты дүниеге әкелетін, оған тәрбие беретін Аналарымыздың жағдайы бұл күнде қандай? Неге қоғамда тастанды балалар көбейді? Туа салып сәбиінен жерінетін безбүйрек аналар қайдан шықты? Қазіргі кезде жетім балалар үйінде қаншама сәби ана мейірімін, ана қамқорлығын сезінбей өсіп келеді. Ананың аялы алақанынының жылуын сезінбеген бала қатыгез болып өседі. Ондай ұрпаққа қара шаңырақ, туған жер, отан деген ұғымдар жат болуы мүмкін. Дүниені тек байлықпен, ақшамен ғана өлшейтін алпауыттарға не дейміз? Қай қоғамның болса да ең қасиетті құндылығы Ана мен Бала болу керек! Ана – тіршілік көзі, Бала – өмірдің жалғасы! Аталмыш спектакль ұрпағының болашағы үшін жанкешті тірлікке барған ана туралы болмақ.

Э.Филиппоның «Әйел құпиясы» қойылымы әйел тағдырын қозғайды. Оның көрген қиыншылықтары, тағдыр тауқыметі туралы шығарма. Бұл спектакль әр адамның ұрпақ алдындағы жауапкершілілікті сезінуге және Алла алдындағы жауапкершілікті сезінуге  шақырады. Жер бетінде не болса да бір Жаратушының ғана қалауымен болады. Сол себептен, бұл қойылымның маңызы зор.

Билет Сатып алу