Сәрсен Бейбарыс Берікұлы
Актер
Бейбарыс Берікұлы — 2003 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дүниеге келген.
2020-2024 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық Өнер университетінде «Драма театр және кино артисі» мамандығы бойынша Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамовтың шеберханасында білім алды.
2023 жылдан бастап Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының актері болып жұмыс істейді.
Оқу театры сахнасындағы рөлдері:
Т. Әбдік «Оң қол» — Дәрігер
А. Володдин «Қоштасқым келмейді» — Митя
Ш. Айтматов «Жәмилә» — Данияр
Ғ. Мүсірепов «Ақан сері — Ақтоқты» — Ақан Сері
У. Шекспир «Гамлет» — Клавдий
Ш. Айтматов «Ақ кеме» — Бала
М. Әуезов «Қарагөз» — Сырым
П. Мериме «Кармен» — Хосе
Театр сахнасындағы рөлдері:
П.Помарше «Фигароның үйленуі» — Керубино
Э.Фелиппо «Әйел құпиясы» — Умберто
Б.Брехт «Шеңбер» — баскесер Геллий
Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» — Көш
А.Менчел “Сен маған керексің” (“Күзгі іңір”) — Виктор
Қ.Жетпісбаев «Бала Мерген» — Жендет
Б.Брехт “Шеңбер” – Әскер
У.Шекспир “Romeo & Juliet” – Абрам
Д.Исабеков “Бонапарттың үйленуі” – Бонапарт

