Билет сатып алу
Өскемен қаласында Қазақстан драма театрларының ХХХ республикалық фестивалінің ашылуына орай Баспасөз конференциясы өтті

Фестиваль көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналады.

 

Жиынға қатысқан спикерлер:

КСРО халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері,

Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкенов, актер, сценарист, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi Нұрлан Санжарұлы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Театр өнері басқармасының бас сарапшысы Гүлнафис Мырзашева,

Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мирғалиева, ШҚО Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Қасенов Самат,

ШҚО драма және оперетта театрының Бас директоры Руслан Қайырсынов.

 

Іс-шараның мақсаты –

көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығымен және мұрасымен таныстыру, қазақ балалар әдебиетін дәріптеп,

өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті дамыту, ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің үздік дәстүрлері мен жетістіктерін, қатысушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, көпшілікке тарату.

 

Фестиваль аясында 1-5 қазан  аралығында өтетін Қазақстан драма театрларының ХХХ Республикалық фестивалі Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарына үздік театр қойылымдарымен танысуына мүмкіндік береді.

 

Фестивальдің ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры.