- Жанр:
- Ұзақтығы:
- Антракт:
- Жас санаты:
- Қоюшы режиссері: Сергей Потапов – Саха Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері (Якутия)
- Қоюшы суретші: Берік Бурбаев
- Киім үлгісінің суретшісі: Ханум Айдаш – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
- Дыбыс режиссері: Гүлнафис Әминова
- Режиссердің ассистенті: Нұркен Өтеуіл
- Режиссердің көмекшісі: Арай Амантауова
- Театрдың көркемдік жетекшісі: Талғат Теменов – Қазақстанның Халық артисі, профессор
Ғасырлар түйіскенде адам баласының басына түсетін құса-шерді, рухани бағдардың жоқтығын сезінуден туар ауыртпалықты, өлара шақта кейіпкерлерді торитын жалғыздық кеселін Чехов пьесасында ішкі иірімдермен берген. Режиссер Сергей Потапов модернистік баянмен өмірде мақсатсыз, қорғанышсыз, дәрменсіз сенделген жандардың тұрмыс-тіршілігін сырты күлкі болғанымен түбінде тұнған көз жасы арқылы беруге ұмтылған. Чеховтың суреткерлік ұлылығы, адамсүйгіштігі оның қаһармандарының уақыт пен кеңістіктен тыс жасай беретін шынайылығында.