- Жанр: элегия
- Ұзақтығы: 1 сағат 10 минут
- Антракт: жоқ
- Жас санаты: 12+
- Қоюшы режиссері: Болат Ұзақов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
- Хормейстер: Амантай Жұмашев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
- Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов
- Музыкамен көркемдеген: Олжас Жақыпбек
- Музыкамен көркемдеген: Айша Сырымбаева
- Хореограф: Адыл Эркинбаев
- Киім суретшісі: Алма Сырбаева
- Дыбыс режиссері: Гүлнафис Әминова
- Режиссердің көмекшісі: Гүлжан Әбдібаева
«Вальс королі» атанған ұлы композитор қиялы нені аңсады, жаны неден күйзелді, неге құстай талпынды?! Айтулы ақын Серік Тұрғынбекұлы «Шәмші» атты туындысын текті туған дара дарынның ешкімге ұқсамайтын тылсым табиғатына үңілуге, жан сарайының психологиялық иірімдеріне мән беруге ұмтылған. Шынайы талант иесі қашанда қорғансыз, тіршілікке икемсіз екен. Шәмші деген төгілген ән-әуен ғой. Спектакль сарыны Шәмші әндері арқылы ашылады.
* Спектакльде Шәмші Қалдаяқовтың «Ақ маңдайлым», «Қайықта», «Кешікпей келем деп ең…», «Бақыт құшағында», «Сыған серенадасы», «Ана туралы жыр», «Теріскей», «Менің Қазақстаным» (Әнұран) әндері мен Естайдың «Құсни-Қорлан», А.Жұмашевтың «Аққу дастан» әндері орындалады. *Мұқағали Мақатаевтың «Жазылар естеліктер мен туралы», Қалқаман Сариннің «Мінәжат-монолог», «Көп қарғаның аңдығаны – өл ексе» өлеңдері оқылады.