Рус Қаз Eng

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында кадрлық тағайындау!

29.04.2025

2025 жылғы 25 сәуірдегі бұйрыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына орналасуға арналған конкурс комиссиясы отырысының қорытындысы негізінде комиссия шешімімен аталмыш театр директоры қызметіне директордың міндетін атқарушы Қабылбеков Ербол Жақсыкелдіұлы тағайындалды.

Аталған кадрлық тағайындауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Аппарат басшысы Мұхаметқали Ринат Закиұлы және Мәдениет комитеті төрағасының міндетін атқарушы Белқайыров Азамат Сайлауұлы театр ұжымының алдында ресми түрде хабарлады.

Театр ұжымы Ербол Жақсыкелдіұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтап, алдағы жауапты міндетінде табыс, толағай жетістіктер және отбасына амандық тілейді.

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?