7 МАМЫР ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – әрбір қазақстандық үшін маңызы зор, елді сүюдің, қорғаудың, батырлық пен азаматтықтың мерекесі. Ежелден ер жүрек бабаларымыз туған жерін қорғай жүріп, ұрпағына бейбіт өмір сыйлады. Бүгінгі ер-азаматтар сол қасиетті жолды лайықты жалғастырып келеді.
Мейлі әскери салада болсын, мейлі бейбіт өмірде – елінің амандығы мен болашағы үшін қызмет етіп жүрген барлық азаматтар – құрмет пен алғысқа лайық.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға тыныштық пен бақ-береке тілеймін! Еліміз әрдайым тыныш, туымыз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!
Отан қорғаушылар күні құтты болсын, Қазақ елі!