Рус Қаз Eng

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ!

14.03.2026

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ!

Наурыз мейрамы биылғы жылы да Наурызнама аясындағы онкүндік мерекелік іс-шаралар легімен атап өтіледі. Әр күннің өзіндік мәні мен мазмұны бар, ол халқымыздың салт-дәстүрін ұлықтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Бұл күндері игі істер жасалып, бірлік пен татулықты нығайтуға арналған түрлі мәдени, спорттық және қайырымдылық шаралары өткізіледі.

Наурызнама онкүндігінің күнтізбесі:

14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі)
Бұл күні халық бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектерін айтып, үлкендерге құрмет көрсетеді.

15 наурыз – Қайырымдылық күні
Адамдар игі істер жасап, мұқтаж жандарға көмек қолын созады.

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Қазақтың бай мәдениеті мен салт-дәстүрлері дәріптеледі, ұлттық өнер мен әдебиетке арналған іс-шаралар өтеді.

17 наурыз – Шаңырақ күні
Отбасылық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға арналған күн.

18 наурыз – Ұлттық киім күні
Қазақтың ұлттық киімдері насихатталып, дәстүрлі сән көрсетілімдері ұйымдастырылады.

19 наурыз – Жаңару күні
Табиғатпен үндесіп, үйлерді, аулаларды тазалап, айналамызды көркейтуге бағытталған шаралар өткізіледі.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Қазақтың дәстүрлі ойындары – бәйге, көкпар, асық ату, қазақша күрес сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.

21 наурыз – Ынтымақ күні
Қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады.

22 наурыз – Жыл басы
Наурыз мейрамының басты күні, күн мен түн теңесіп, жаңа жылдың басталуы тойланады.

23 наурыз – Тазару күні
Наурызнаманың қорытынды күні экологиялық тазалық шараларымен ерекшеленеді. Қазақстанның барлық өңірінде жалпыұлттық экологиялық акциялар өткізіліп, табиғатты қорғауға арналған бастамалар іске асады.

Наурыз – тек мереке ғана емес, елді бірлікке, ізгілікке шақыратын рухани жаңғыру кезеңі!

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?