ХАЛЫҚ АСПАПТАР АНСАМБЛІНЕ 5 ЖЫЛ! МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КОНЦЕРТ
Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1)
Дирижер: Берік Сарыбай
Жанр: концерт
Ұзақтығы: 100 мин
Жас ерекшелігі: 12+
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының Халық аспаптар ансамблі көрермен назарына ұжымның 5 жылдығына арналған мерейтойлық концертін ұсынады.
Ұлттық музыка мен дәстүрлі өнерді насихаттап келе жатқан ансамбль бес жыл ішінде көрермен ықыласына бөленіп, өзіндік шығармашылық қолтаңбасын қалыптастырды. Дирижері – халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Берік Сарыбай.
Ансамбль концерттік қызметті белсенді түрде жүзеге асырып, театр қойылымдарына жанды музыкалық сүйемелдеу жасап келеді. Ұжым құрамында бірнеше музыкалық аспапта еркін ойнайтын жоғары кәсіби музыканттар өнер көрсетеді. Сонымен қатар ансамбль қатарында жас композиторлар да бар.
Мерейтойлық кеш бағдарламасында халық күйлері, классикалық шығармалар, авторлық туындылар мен заманауи өңдеулер орындалады.