Рус Қаз Eng

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

Егер Сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театры» РМҚК (бұдан әрі – Кәсіпорын) өзінің беделін ардақтап бағалайды және оның қызметкерлері, серіктестері мен контрагенттері жұмыс барысында адалдық пен ашықтық қағидатын сақтауға, олар қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділеттілігін қамтамасыз етуге ұмтылады.

Егер сіз Кәсіпорын қызметінде мынадай мән-жайлардың куәгері немесе құрбаны болдым деп ойласаңыз:

  • дайындалып жатқан немесе орын алған сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және ұрлау дерегі туралы;
  • бақылау (қадағалау), сатып алу рәсімдері кезіндегі бұзушылықтар туралы;
  • лауазымды тұлғалардың қызмет бабын теріс пайдалану және өкілеттігін асыра қолдану туралы;
  • Кәсіпорынға материалдық шығын келтіретін немесе келтіруі мүмкін, сондай-ақ іскерлік беделіне зиян келтіретін жасалған басқа әрекеттер туралы мәлім болған жағдайда, Сіз:

 

Кәсіпорынының Комплаенс-офицері:

Байкуатов Галым Сражадиновичке

Жұмыс телефон нөмірі: 8 7172 27 02 35 (ішкі нөмір 1147)

Мобильдік нөмірі: +7 707 330 18 73 хабарласып немесе,

Электрондық поштасына: k.kuanyshbaev.compliance@bk.ru жаза аласыз.

Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сәйкес қызметкерлерге және басқа да мүдделі тұлғаларға Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары, қызметкерлері жасаған немесе жоспарланған бұзушылықтар туралы немесе Кәсіпорынның лауазымды тұлғаларына, қызметкерлеріне қатысты қолда бар негізделген күдіктерді жасырын немесе аты-жөнін көрсетпей білдіруге мүмкіндік беріледі.

Өтініштің құпиялылығына кепілдік беріледі.

Анонимді өтініштер (өтінішті жіберген адамның тегі көрсетілмеген) қаралуға жатпайды, бірақ тексеріледі.

Бұл ретте, көрінеу жалған ақпараттарды таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанына назар аударамыз.

Егер Сіз Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзушылықтарға, сондай-ақ Кәсіпорынның қызметінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың көрініс табу фактілеріне тап болған болсаңыз, болжамды сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар туралы ақпаратқа ие болсаңыз, бұл туралы мына байланыс арналары арқылы хабарлай аласыз:

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Call-орталығының телефон нөмірі бойынша 1424 (қоңырау шалу тегін)

немесе gov.kz электрондық үкімет порталының https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/activities/population?lang=ru    онлайн-сервисі арқылы (электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы талап етіледі – ЭЦҚ)

немесе телеграмм боты арқылы https://t.me/AntikorKZ_Bot

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заңының 24 бабының 3-тармағына сәйкес Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам мемлекеттің қорғауында болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен көтермеленеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларына сәйкес, ұсынылған ақпарат үшін құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты, мынадай тұлғаларды қоспағанда, 30-дан 4000 АЕК мөлшерінде сыйақы төленуі мүмкін:

1) жедел-іздестіру немесе қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органмен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия негізде ынтымақтасатын адам;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, оның жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге жәрдем көрсеткен, ол бойынша орындаушы немесе сыбайлас қатысушы болып табылған адам.

Аталған кепілдіктер көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап беруге тиiс адамдарға қолданылмайды.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 439-бабы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат бергені үшін жеке тұлғаларға ескерту немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікті көздейді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабының үшінші бөлігі үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау туралы көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейді.

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құжаттар:

 

1.Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы (құжатқа сілтеме);

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасы туралы Заңы (құжатқа сілтеме);

3.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу қағидалары (құжатқа сілтеме);

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы (құжатқа сілтеме);
  2. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығы (құжатқа сілтеме);
  3.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығы (құжатқұа сілтеме);

7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ереже (құжатқа сілтеме);

8-9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты және стандарты (құжатқа сілтеме);

10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық (құжатқа сілтеме);

11. Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты (құжатқа сілтеме);

12. Квазимемлекеттік секторы қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе ықтимал бұзушылықтары туралы ақпараттандыру (құжатқа сілтеме);

13. Іскерлік этика және мінез-құлық ережелері кодексі (құжатқа сілтеме);

14. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама (құжатқа сілтеме);

15. Ақпараттық-тарату материалдары (құжатқа сілтеме).

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет:

 

Жоспарлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы (құжатқа сілтеме);

Сыбайлас жемқорылққа қарсы мониторинг (құжатқа сілтеме);

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (құжатқа сілтеме);

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру (оқыту, форумдарға және басқа да оқыту және түсіндіру іс-шараларына қатысу туралы ақпарат) (құжатқа сілтеме);

Қабылданған шаралар туралы ақпарат (есептер, қабылданатын түзетуші шаралар туралы ақпарат) (құжатқа сілтеме).

 

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?